Экзема дегеніміз – білек буындарының, бастың түкті бөліктерінің, беттің, шынтақтың және тізенің бүгіліп-жазылатын терілерінің зақымдануынан туындайтын, созылмалы тері ауруларының тобы. Ол бірнеше түрлі себептерден туындауы мүмкін: кейде мүлдем түсініксіз жайттардан да пайда болып жатады, немесе, аллергиялық реакцияның салдарынан, белгілі бір азық-түліктен, киімнен, лосьондардан, сабыннан, өсімдіктен және де жергілікті дәрі-дәрмектерден туындап жатады.
Экземаның симптомдары мен белгілері мынадай болып келеді: қышиды, кішігірім сулы көпіршіктер пайда болады, сондай-ақ тері қалыңдап, бүжірленіп кетеді.
Экзема дәрі-дәрмектермен және белгілі бір мөлшердегі күтімілдеумен жазылып кетеді. Емдеудің басты мақсаты – симптомдарды жеңілдету; әсіресе қышу мен бөртпелерді азайтуға бағытталады.
Атопикалық дерматит – экземаның бір түрі.
’’Жалпы терілік проблемалар (ерлерде/әйелдерде)
Жыныс органдарындағы тітіркену (әйелдерде)’’
Тегтер:
Экзема
Экземаның симптомдары
Экземаның емделуі
Қышу
Көпіршіктер
Қабыршық
Аллергия
Буын