Қышыма - терінің үстіңгі қабатының астында өмір сүретін кішкентай кенелерден пайда болатын терінің қышуын айтады. Қышыма - инфекция жұқтырған адаммен байланысып, жанасуы арқылы немесе бір төсекте жату арқылы жұғады.

Қышыманың бірден-бір симптомдары, дененің қатты қышуы болып табылады. Бұл әдетте түнгі уақытта өршиді. Денеде бір сызық бойымен немесе шеңбер жасап орналасқан кішкентай қабыршақты немесе жара тәрізді бөртпе пайда болады. Бұл белгілер әдетте қол саусақтарының арасында, шынтақтың ішкі жағында немесе қолтық астында, білек айналасында, жыныс мүшелерінде және анус айналасында пайда болады. Балаларда мойын, бет, бас терісі, алақанда немесе табанында кездеседі.

Қышыманың таралуы, қышу, тері жарасы пайда болғанға дейін созылады. Алғашқы инфекция жұққан кезінде симптомдар 4-6 аптадан кейін білінеді. Инфекция қайталана жұқса симптомдар бірнеше күн ішінде белгілі болады.
Қышыма өздігінен кетпейді. Дәрігердің рецептісіне сәйкес инфекцияға қарсы дәрі-дәрмектер, әдетте кремдер немесе лосьондар қолданылады. Емдеуді кешіктіру басқа адамдарға жұқтыру қаупін арттырады.
Инфекция жұқтырған адамның пайдаланған төсегін, сүлгілерін және киімдерін қайнатып, жуу керек.

Тегтер:
қышыма,
тері астындағы кенелер,
тері аурулары,
түнде терінің қышуы,
бөртпе қышыманы емдеу,
қышыма белгілері,