Қолды ары-бері қозғағанда сықырлаулар мен сыртылдаулар пайда болып жүр ме? Әрине олар қауіпті емес, дегенмен ыңғайсызық тудыратыны рас.
Жарақат кезінде сықырлаулар мен сыртылдаулар болып қалса:
• Сүйек, сіңірлер немесе тері айналасындағы буынды жұмсартып, майлап тұратын сұйықтығы бар дорбашықтың қабынуы (брусит).
• Бұлшық етті сүйекпен байланыстыратын тығыз, жіп тәрізді талшықтардың қабынуы (тенденит).
• Сүйектің сынуы (сынық)
• Жауырынның етек жағынан иықтың сыртқы, шетінің арасындағы сіңірлердің жыртылуы салдарынан пайда болатын иықтың бөлінуі (акромиома). Бұл жарақат әдетте ұйықты соққанда, немесе саусақ немесе бүкіл қол сіңірлерінің созылғанында пайда болады.
• Қалыпты орнынан қозғалып кету немесе сүйекті басып жібергенде орны қозғалу (тайып кету)
Егер сықырлау-сыртылдау кезінде ауырмаса, ол байламдардың бүтін күйінде, өзінің қалыпты орнынан шығып кеткендігін білдіреді. Иықтағы қытырлаулар буындарды қозғаған кезде, немесе, артрит, брусит, сондай-ақ бұлшық ет манжеттерінің жыртылуынан пайда болуы мүмкін. Егер иықта сықырлап-сыртылдаудан басқа ауру симптомдары білінбесе онда, оны үйде-ақ емдей берсе болады.
Емдеуді ертерек қолға алса, кейінірек болатын асқыну қауіптерінің алдын алып, қалпына келуін тездетеді.
Тегтер:
иықтағы ауырсыну
иықтың сыртылдауы
шығу
сырқырау
сықырлау
иық жарақаты
соққы
құлау