Жүктілік кезінде әйелдің денесінде түзілетін гормондардың әсерінен жүйрек айнуы пайда болады. Жүктіліктің алғашқы үш айлығында жүйрек айну, құсу деген сияқты жағымсыз жайттар кездесіп жатады.

Әдетте таң ертеңгісін жүрек айнып тұрады, кейде күндіз де, түнде де мұндай жағдай орын алуы мүмкін. Жалпы әйелдердің көпшілігі екінші үш айлығында мұндай жағымсыздықтан құтылады, ал кейбіреулері болсанғанға дейін жүрегі айнып, құсып әбден қиналып жүреді.

Таң ертеңгі жүрек айнығанын басу үшін үйде мынадай ем қолданған жөн:
• Аш қарын жүрмей, аз мөлшерде жиі-жиі қоректену керек;
• Таңғы асқа дейін (пешене) сияқты құрғақ, жеңіл тағамдарды жеп алу керек;
• Сұйықтықты көп ішу керек, бірақ ісініп кетуден сантанған дұрыс;
• Жеміс-жидектер мен ағуызы мол, майлылығы төмен азықтарды пайдалану керек;
• Жүрек айнататын ашыған сүт, кофе, цитрусты шырындардың исінен аулақ жүрген дұыс.
• Жақсылап дем алған жөн.

Тегтер:
жүктілік гормондары,
жүрек айну,
құсу