Тромбофлебит - бұл көктамырға қан ұйып, соның қабынуынан болатын жағдай. Бұған ұшыраған адам – өзін аурушаң сезінеді, жиі ауырады, терісі қызып, көктамырдың бойы қызарып кетеді.
Тромб кейде тура көктамырдың өзіне, тері үстіне жиналады (жоғарғы тромбофлебит) немесе аяқтың терең көктамырына жиналады (терең көктамырдағы тромбоз). Тері асты көктамырындағы тромбтар ауыр жағдайларға апара бермейді, себебі олар қан айналымына кедергі жасамайды. Дәрігер бұл ұйымалардың ерекшелігін анықтағаннан кейін, науқас үйінде де емделсе бола береді.
Тромбофлебит көбінесе аяқ көктамырын зақымдайды. Аяқтағы терең көктамырдағы тромб (терең көк тамыр тромбы) ауыр жағдайға апарады, бұл тромб үзліп, қан ағысы арқылы өкпеге түседі (өкпе түтікшесінің эмболиясы) пайда болады.
Симптомдары:
Терең көктамырдағы тромбоз ісікке ұласады, ауру пайда болады, жәнебір аяқ, екінші аяқтан үлкейіп, қызарғаны анық білініп тұрады. Терең көк тамырдың тағы бір симптомы - аяқты бүккенде, жүргенде сыздап ауырады.
Тегтер:
терең көктамырдағы тромбоз
тромб
эмболия