Тістегі сызат тістің төменгі бөлігінен жоғары бөлігіне дейін жіңішке, кішкентай жарықшақ секілді көрінеді. Оны анықтап қарамасаң көрінбейді де, тіпті ол рентген түсірілімдерінен де байқалмай қалады. Кейде тіпті, қай тістің ауырып тұрғанын білу қиынға соғады (ауруы төменнен жоғары қарай бара жатыр ма, әлде, жоғарыдан төмен қарай бара жатыр ма).
Егер тісіңізде сызат бар болса:
• Сіз тістегенде, не шайнағанда тосын ауыруды сезінесіз;
• Сіз белгілі бір тамақтарды жей алмайсыз немесе бір жағыңызбен ғана шайнай аласыз;
• Тісіңіз ыстық пен суыққа сезімтал келеді;
Тістегі сызаттың пайда болу себептері, біріншіден ол ауыз қуысындағы жарақаттан, немесе тіс жегінің көлемді түрде ыдырауының әсерінен болады. Екіншіден, қатты заттарды (жаңғақ, қатты кәмпит, тамақ арасында кездесіп қалатын тас, сүйек секілді қатты заттар)шайнағаннан, немесе соңғы жағдайда ыстық-суық температураның ( мысалы: ықтық тамақты жеп отырып, онымен араластырып, шақпақ мұздарды ауызға салғаннан) әсерінен де болып жатады. Тісті сықырлатып, егегеннен, сондай-ақ дұрыс емес қысыммен шайнағаннан да тіс шытынап кететін көрінеді.
Тіс ауруы (ер/әйел)
Тегтер:
тіс аруы,
ауыз қысындағы жарақат,
тіс жегі