Траншеялық табан – бірнеше күн бойы төменгі температураның әсерінен, суық температурада пайда болатын (бірақ қату температурада емес) жарақат. Аурудың аты Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде жауынгерлер ылғалды траншеяда тұруының себебінен пайда болған.

Симптомдары мен белгілері:
• Терінің қызаруы, ол өз кезегінде ісініп, бозарады.
• Шаншып және қысып ауру сезімі.
• Аяқтың қалтырауы.
• Үсік белгілерінің болмауы.
• Аяқтағы пульстің әлсіреуі немесе болмауы.
• 2-7 күннен кейін күлбіреу немесе ойық жараның пайда болуы.

Жедел көмек көрсету үшін - зақымдалған жерді қыздыру, ауырсынуды басу, асқынудың алдын алу мысалы, зақымдалу мен терінің өлеттенуінің алдын алу керек.

Тегтер:
Қол мен аяқтың ылғалдануы
Табанның суық ауыр жарақаты