Жарақат алған жерден немесе одан төмен жерде терінің бозаруы немесе көгеруі – қантамыр қысылғанда немесе тікелей жарақат алған кезде пайда болады. Жарақатқа себеп болатын жайттар – оқ жарақаты немесе үшкір заттардың денеге қадалуынан болған жарақат, буынның шығуы және созылуы, күйіктер, сынықтар, езіліп-шаншылу, жыланның шағуы, медициналық процедура, операциялар болып табылады.
Ортепедиялық аппараттарды, гипсті, таңғыш қалақтарды салғаннан кейін қол немесе аяқ бозарып, көгеріп, салқындауы мүмкін. Бұл олардың қатты қысып тартылғанын білдіреді, ол өз кезегінде қол немесе аяқта қанайналымның азаюына немесе тоқтауына әкеп соқтырады. Егер қатты қысып тұрса мына амалдарды жасау керек:
• Қол немесе аяқты жүрек деңгейінен жоғары көтеру.
• Егер мүмкіншілік болса, қысып тұрған затты босату, бірақ шешпеу керек.
Тез арада дәрігерге жүгіну қажет. Асқынудың алдын алу үшін қанайналымды тез арада дұрыстау қажет.
Тегтер:
Көгерулер
Жарақаттар
Буынның шығуы