Токсоплазмоз – бұл адамдар, құстар мен жануарлар жиі шалдығатын, көбінесе білінбей қалатын немесе симптомдары әлсіз білінетін, тұмауға (дене температурасының 37 С көтерілуі, лимфатикалық түйіндерінің үлкейуі, 50% жағдайда көкбауырдың үлкеюі) ұқсас ауру. Алайда бұл инфекция ұрықтың дамуына (анасы жұқтырған болса) және иммунды жүйесі әлсіз адамдарға қатты ауыр тиеді.

Бұл инфекция адамға паразитті (мысалы дұрыс өңделмеген бұзылған ет сияқты) тағамдардан жұғады. Немесе үй жануарларымен тікелей жанасу кезінде. Көп жағдайда инфекцияны жұқтырған адамдарда 2 айдан соң инфекцияға қарсы иммунитеті қалыптасады.

• Жүктілік кезінде инфекцияны жұқтыру жағдайы сирек кездеседі. Токсоплазмоз жаңа дүниеге келетін сәбиде соқырлықтың немесе бас-ми жарақаттарының пайда болу себебі болуы мүмкін. Екіқабат әйелді және нәрестені токсоплазмоздан антибиотиктер арқылы емдету керек.
• Иммунды жүйесі әлсіз науқастарда – токсоплазмозға шалдыққан науқаста өте ауыр өтеді. Ісікке қарсы ем алдырып жүрген, ЖИТС пен ауыратын науқаста немесе белгілі бір мүшеге трансплантация жасалған науқастарда өмірлік маңызы бар мүшелер: ми, өкпе, жүрек, сонымен қатар көзді зақымдауы мүмкін. Токсоплазмоздың профилактикасы және белсенді емі антибиотиктер болып табылады.

Тегтер:

Жұқтыру
Тұмау
Лимфатикалық түйіндер