Ыстық өту – организмнің өз емпературасын игере алмағандығынан, дене қызуының тоқтаусыз көтеріле беруін айтады. Симптомдары: ақыл-естің және терінің өзгерісі, тері – қызыл түсті, ыстық, құрғақ болып кетеді.

Әдеттегі ыстық өту – деп, адам ыстық жерде тұрғанда немесе салқындауға мүмкін болмайтын жылы жерде отырғанда, ешқандай күшенуінсіз дене қызуының көтеріле беруін айтады. Адамнан ыстық леп ұрып тұрады. Мұндай жағдайда организмнің өзіндегі ыстықты қоршаған ортаға бөлу қабілеті төмендейді. Адамға ыстық өту – бірнеше күнде дамуы мүмкін. Ыстық өту ауруы сәбилер, қарт кісілер, созылмалы аурулары бар адамдарға қауіпті.

Физикалық жүктеме кезінде пайда болатын ыстық өту – адам ыстық ортада жұмыс істегенде немесе жаттығу жасағанда пайда болады. Физикалық жүктемеден пайла болған ыстық леп – белгілі уақытта біртендеп кетеді, бірақ сол уақыт аралығынада адам организмі өзінен қалыптыдан тыс ыстықты ортаға бөледі. Нәтижесінде дене температурасы максималді көтеріледі.

Ыстық өтудің екі түрі де сусыздануға, құрғауға және кейбір мүшелердің қызметін бұзылысына әкеледі. Ыстық өту – бұл өмірге өте қауіпті, жедел медициналық көмек талап ететін жағдай.

Тегтер:
Ыстық өту
Ақыл-естің жоғалуы
Ыстық ауа райы