Мазмұны
Адам папилломасының вирусы (АПВ) – сүйелдердің себебі болатын вирустардың кең таралған тобы. АПВ жүзден астам түрі бар. Олардың көпшілігі қауіпсіз, тек 30 жуық түрі қатерлі ісіктің даму қаупін арттырады. Олар әдетте, жыныстық ағзаларды зақымдайды, жұқпалы жыныстық серіктестен жыныстық қатынаста жұғады. Қатерлі ісікті дамыту қаупі төмен (төмен онкогенді қауіп) және қатерлі ісікті дамыту қаупі жоғары (жоғары онкогенді қауіп) болып бөлінеді. Төмен онкогенді қауіпті АПВ жыныстық аумақтағы сүйелдердің себебі болады. жоғары онкогенді қауіпті АПВ әйелдерде жатыр мойнының, вульваның, іншектің және айналшықтың қатерлі ісігінің себебі болуы мүмкін. Ерлерде пенис пен айналшықтың қатерлі ісігінің себебі болуы мүмкін.
Көпшілік адамдарда АПВ жұққанда жыныстық аумақта сүйел пайда болады, басқаларда симптомдары болмауы да мүмкін. Дәрігер сүйелдерді емдеу немесе алып тастауы мүмкін. Әйелдерде Папаниколау бойынша жұғынды алынады (Pap-test), ол қатерлі ісікке апаруы мүмкін жатыр мойнындағы өзгерістерді анықтауы мүмкін.
Презервативтерді дұрыс қолдану АПВ таралуын толық жоймаса да, едәуір азайтады. Вакцина егу АПВ кейбір түрлерінен қорғайды, оның ішінде, қатерлі ісікке апаратын түрлерінен.
жыныстық аумақтағы сүйел – терідегі және жыныстық мүшелердің сілемей қабатындағы жұмсақ өсінділер. Олар пенисте, вульвада, үрпіде, іншекте, жатыр мойнында, айналшықтың маңында және ішінде болуы мүмкін.
жыныстық аумақтағы сүйел – жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға жатады (ЖЖБИ).
жыныстық аумақтағы сүйелдің себебін құқрайтын вирус - адам папилломасының вирусы (АПВ) аталады. АПВ 70 астам түрі бар. Олардың кейбірі жатыр мойнының өзгерістеріне, қатерлі ісігіне және айналшықтың қатерлі ісігіне апаруы мүмкін. Бұл жоғары онкогендік қауіпті АПВ. АПВ барлық түрлері сүйелдің себебі бола бермейді. АПВ кейбір түрлері дененің басқа жеріндегі, мысалы, қолдағы сүйелдің себебі болуы мүмкін.
Бұл мақала жыныстық аумақтағы сүйелдерге қатысты. Жыныстық аумақтағы сүйелдер –жиі кездесетін ауру. Адамдардың көпшілігінде қандай да бір симптомдар болмайды. Әйелдерде жыныстық аумақтағы сүйелдер іншектің сілемей қабатына, қабырғасына және жатыр мойнына таралады. Оларды арнайы диагностикалық шаралардың көмегімен анйқтайды.
АПВ туралы маңызды жайттар:
• АПВ-инфекция бір адамнан келесіге жыныстық қатынаста жұғады. АПВ симптомдары болмаса да, жұқтырып, таратушысы болуыңыз мүмкін.
• жұқтырғаннан кейін 6 апта мен 6 ай арасында сүйелдер байқалмауы да мүмкін. Кейде алғашқы белгілері бірнеше жылдан соң байқалуы мүмкін.
• АПВ жұқпалы адаммен жыныстық қатынасқа түскен адамдардың бәріне жыныстық аумақтағы сүйелдер жұға бермейді.
АПВ жұқтыру немесе тарату қаупі келесі жағдайларда артады:
• жыныстық қатынаста бірнеше серіктестің болуы
• ретсіз жыныстық қатынас
• жыныстық қатынасты ерте бастау
• алкоголь тұтыну, темекі шегу
• вирустық инфекцияның болуы, мысалы, герпес және ұзақ уақыт бойғы күйзеліс.
• жүктілік
• дәрі қабылдау салдарынан немесе ұзақ аурудан кейінгі иммунитеттің төмендеуі.
Балада жыныстық аумақтағы сүйел болса, бұл аурудың мүмкін себебі ретінде зорлық болғандығын тексеру қажет.
Жыныстық аумақтағы сүйелдер шағын және кейде көзге түспеуі мүмкін.
Сүйелдердің түрі келесідей болады:
• жалпақ, шеті көтеріңкі дақтар, тері түсті
• тері түзілістері, жоғарғы жағы гүлді қырыққабатқа ұқсас
Әйелдерде жыныстық аумақтағы сүйелдер анықталады:
• іншектің немесе айналшықтың ішінде
• іншек пен айналшықтың маңында
• жатыр мойнында.
Ерлерде үшкір кондиломалар анықталады:
• Пенисте
• Ұмада
• шап аумағында
• Бөкседе
• айналшықтың ішінде немесе маңында.
Үшкір кондиломалар болуы мүмкін:
• ерінде
• ауыз қуысында
• тілде
• көмейде.
Басқа симптомдары сирек кездеседі, олар:
• сүйел шоғырланған жерде жыныстық ағзалардың ылғалдылығы.
• іншектен бөлінді көп шығуы.
• жыныстық мүшелер аумағының қышуы
• жыныстық қатынас кезінде немесе одан кейін іншектен қан кетуі.
Диагнозды қою үшін дәрігер науқасты қарайды.
Әйелдерде гинекологиялық қарап тексеру болады. көзге көрінбейтін сүйелдерді анықтау үшін кольпоскопия қолданылады. Дәрігер сүйелдің диагностикасы үшін сірке судың әлсіз ерітіндісін қолданады.
Сілемей қабаттың АПВ зақымдануында Папаниколау (Paptest) бойынша жұғынды оң болады. егер Paptest нәтижесі бойынша өзгерістер болса, өзгерістерді бақылау үшін осы тексеруді жиі өткізу қажет.
АПП ДНҚ анықтауға талдау вирустың түрін анықтауға көмектеседі, жатыр мойнының қатерлі ісігін жоғары онкогенді АПВ туындатуы мүмкін.
Бұл талдау орындалады:
• 30 жастан асқан әйелдерді скринингтік талдау ретінде
• кез келген жастағы әйелдерде, Папаниколау (Paptest) бойынша жұғынды оң болса.
жыныстық аумақтағы сүйелдерді (үшкір кондиломалар) дәрігер емдеуі тиіс. Сүйелдердің басқа түрлерін емдейтін дәрілік препараттарды қолдануға болмайды.
Емдеуге кіреді:
• дәрігердің кабинетінде зақымданған теріні өңдеу
• дәрігер тағайындаған дәрілермен үй жағдайында аптасына бірнеше рет емдеу.
Рецептуралық дәрілік препараттар:
• Имиквимод (Алдара)
• Подофиллин, Подофилокс(Кондилокс)
• Үшхлорсірке қышқылы (ТУК)
Сүйелдерді хирургиялық жолмен де алып тастауға болады:
• Криохирургиямен
• Электрокаутеризациямен
• Лазерлік жоюмен
• Хирургиялық тілумен.
Егер үшкір кондиломалар болса, жыныстық қатынастағы барлық серіктестер дәрігерге көрінуі қажет, сүйелдер болса, қажетті ем алуы тиіс. Симптомдар болмаса да, аурудың асқынуының және таралуының алдын алу үшін емдеу қабылдау қажет.
Емдеу курсынан кейін емдеудің тиімділігін тексеру үшін дәрігердің кеңесіне қайта жүгіну қажет.
Бұл аурумен ауырған әйелдер Папаниколау (Paptest) бойынша жұғындыны кезеңді тапсырып тұруы қажет және жыныстық қатынастағы серіктесінде жыныстық аумақтағы сүйелдер анықталса, осы тексеруден ұдайы өту қажет. Егер жатыр мойнында сүйел болса, Папаниколау (Paptest) бойынша жұғындыны алғашқы емдеу курсынан кейін әр 3-6 ай сайын тапсыру қажет.
АПВ жұқпасынан туындаған қатерлі ісік алды өзгерістері анықталған әйелдерге ұзақ уақыт емделу қажет болады.
Көптеген жыныстық қатынаста белсенді жас әйелдер АПВ жұқтырады. Көбінесе, АПВ өздігінше кетеді.
АПВ жұқтырған ерлердің көпшілігінде аурудың қандай да бір белгісі болмауы мүмкін. Дегенмен, олар кейде қазіргі немесе болашақ жыныстық қатынастағы серіктестеріне жұқтыруы мүмкін.
Адам үшкір кондиломадан емделгеннен кейін де жұқпалы болуы мүмкін.
АПВ кейбір түрлері жатыр мойнының және сыртқы жыныстық ағзалардың қатерлі ісігінің негізгі себебі болуы мүмкін.
Жыныстық аумақтағы сүйелдерді туындататын АПВ түрлерінің жыныстық мүшенің, айналшықтың қатерлі ісігін туындататын түрлерінен айырмашылығы болады.
жыныстық аумақтағы сүйелдер көп және үлкен болуы мүмкін, бұл күрделірек емдеу шараларын қажет етеді.
Дәрігерге хабарласыңыз, егер:
• қазіргі немесе бұрынғы серіктесіңізде кондиломалар болса.
• сыртқы жыныстық мүшелерде көрінетін сүйелдер болса, қышу немесе ауытқулы іншектік қан кетуі болса. Жыныстық аумақтағы сүйелдер жұқпалы серіктеспен қатынастан кейін бірнеше айдан бірнеше жыл бойы көрініс бермеуі мүмкін.
• балада Жыныстық аумақтағы сүйелдер бар деп санасаңыз.
Әйелдерге 21 жастан кейін Папаниколау (Paptest) бойынша жұғындыны алғаш тапсыру ұсынылады.
Жыныстық қатынастың болмауы - Жыныстық аумақтағы сүйелдер мен ЖЖБИ жұқтырмаудың жалғыз сенімді жолы. Тек бір ғана серіктестің болуы да ЖЖБИ жұғу ықтималдығын азайтады.
Ерлер мен әйелдер презервативтері толығымен қорғамайды. Себебі, вирус немесе сүйел жақын маңдағы теріде болуы мүмкін. Презервативтерді бәрібір қолдану қажет, себебі, олар АПВ және басқа ЖЖБИ жұқтыру қаупін азайтады.
АПВ адамнан адамға берілуі мүмкін, сүйел немесе басқа көрінетін симптомдар болмаса да. Қауіпсіз жыныстық қатынасты қолдау АПВ жұқтырудың алдын алуға көмектеседі.
Әйелдерде жатыр мойны қатерлі ісігін туындататын АПВ төрт түрінен қорғайтын екі түрлі вакцина бар.
Вакцинаның бірінші түрі үш рет егілуден тұрады. 9-26 жастағы қыздар мен әйелдерге арналған.
Екінші түрі ұлдар мен ерлердегі сүйелдерден қорғайды. Вакцина үш рет егілуден тұрады. 9-26 жастағы ұлдар мен ерлерге арналған.
Дәрігерден АПВ қарсы вакцина сізге жарамды болуы туралы сұраңыз.
Үшкір кондиломалар; жыныстық мүшенің сүйелдері; адам папилломасының вирусы (ВПЧ); Венерологиялық сүйелдер; жыныстық жолмен берілетін аурулар - сүйелдер; ЖО-АПВ; АПВ кезіндегі төмен дисплазия; ТО-АПВ; АПВ кезіндегі жоғары дисплазия.