Бұл қандай ауру? Петехия - кіші қантамырлардың ақауынан теріге және тері астына қан құйылуынан болатын, теріде немесе ауыз қуысындағы қызыл немесе қызғылт түсті майда біртекті дақтар. Петехиялы дақтар көлеміне байланысты өте ұсақ та, ірі де болады. Қыжуды және ауырсынуды шақырмайды. Туа пайда болған дақтардан және гемангиомадан айырмашылығы бар. Егер майда біртекті, петехияны басатын болсақ ағарып, біраздан соң қайта орнына қайта келеді.
Бұл нені білдіреді? Петехия көп жағдайда басында аз ғана бөлікті қамтып, бірнеше сағат ішінде біршама орынға таралуы мүмкін. Егер петехия бірнеше сағат ішінде тез таралатын болса, онда қауіпті инфекцияның немесе қан ұю жүйесінің жеткіліксіздігі – тромбицитарлы жеткіліксіздіктің әсерінен болуы мүмкін. Көп жағдайда қан ағудан ағзаны қорғау нәтижесіндегі қорғаныс жүйесінің бұзылысы деп есептеледі. Мұндай жағдайда тез арада медициналық көмекке жүгіну қажет.
Тегтер:
Петехия
Бөртпе
Терідегі дақ