Субдуральді қанды ісік (гематома) – бас сүйегінің және мидың арасындағы қуыста қанның жинақталуын білдіреді, бұл ішкі қан қысымының ұлғаюымен бірге жүреді. Әдетте қан құйылу - бастан жарақат алғанда күретамырдың жыртылуынан пайда болады.
Субдуральді қанды ісіктің (гематоманың) тез немесе кеш дамитын симптомдары:
• Бастың қатты ауыруы.
• Есінің адасуы.
• Қалтырауы.
• Моторлы функцияның бұзылысы, мысалы, жүріс-тұрыстың өзгерісі.
Ауыр қан құйылу симптомдары бірнеше минут немесе сағат арасында дамуы мүмкін. Сәбилерде бір немесе екі еңбегі де томпиып қалады.
Аз ғана қан құйылу симптомдары бірнеше аптада дамуы мүмкін. Қан ұйып қалғаннан кейін және қан құйылу тоқтағаннан кейін де тіндердің айналасындағы сұйықтық сіңіріліп, ақырындап бас сүйегінде қысым көтерілуі мүмкін.

Тегтер:

гематома
қанды ісік
миға қан құйылу
Қалтырау