Созылмалы шаршау синдромы - бұл адамның басылмайтын, ауыр шаршағыштық жағдайы. Бұл күнделікті тұрмыстық әрекеттерге де едәуір кедергі келтіреді. Шаршау синдромы физикалық жүктеменің нәтижесінен бола бермейді. Себебі бұлай шаршай беру демалғаннан басылмайды.

Созылмалы шаршау синдромының себебі әлі белгісіз.

Созылмалы шаршау синдромының симптомдары : әлсіздік, ұйқының бұзыла беруі, зейін қоюдың және ойланудың төмендеуі, есте сақтау қабілетінің азаюы, қызба, бастың ауруы, бұлшықеттерде және буындарда ауырсыну, тамақтың қабынуы, мойын немесе бұлшықет шұңқырларындағы бездердің сезімталдылығының жоғарлауы. Қалыпты жағдайда немесе жеңіл физикалық жүктемеде 24 сағатқа созылатын әлсіздік және дімкәстікті шақырады.

Физикалық жүктемені және зертханалық зерттеулерді тексере отырып симптомдарының басқа да себебін анықтайды. Қазіргі уақытқа дейін созылмалы шаршағыштық синдромының өзіне тән белгілері жоқ, тек басқа ауруларды жоққа шығару арқылы ғана белгілеп жүр.

Созылмалы шаршағыштық синдромын емдеу адамды қалыпты жағдайға әкелу және оның бұрынғы өмір деңгейіне біртіндеп оралуы үшін шаршағыштығы мен басқа да симптомдарды жоюға бағытталған. Созылмалы шаршағыштық синдромының үйде емдеген тиімді. Симптомдарды азайту және бақылау үшін диета ұстап, жаттығу жасап, жақсы ұйықтау керек. Созылмалы шаршағыштық синдромымен ауыратын науқастардың көбісінің симптомдары өздігінен кетеді. Тек ол 1-2 жыл ішінде қалыпты жағдайға келуі мүмкін.

Тегтер:

созылмалы шаршағыштық синдром
ауыр әлсіздік
ұйықының бұзылысы
тұрақты шаршағыштық
шаршағыштықтың басу