Мықын-асықты жіліктік байлам синдромы – деп санның сыртқы бетімен өтетін байламды айтады. Ол фиброзды тіннен тұрады. Мықын-асықты жіліктік байламы тізені және жамбас буынын шығып кетпеуі үшін мықтап ұстап тұрады. Кейбір жағдайларда байлам шамадан тыс дамып, мықын сүйегі мен тізенің ішкі жағын қысып, үгітіп тастауы мүмкін. Әрбір бүгілу кезінде тізе мен сан сүйектері бір-бірімен үйкеленеді. Бұл жағдай көбінесе жүгірумен айналысатындар да, велошабандоздарда, аэробиканың кейбір түрлерімен айналысатындарда кездеседі.
Мықын-асықты жіліктік байлам синдромының симптомдары:
• Тізе мен санның сыртқы жағы ауырсынады.
• Мықын қарысып, ары-бері қозғағанда ауырады
• Байлам керілген кезде және иілген кезінде ауырсыну басылады.
• Тыныққан кезде ауырғаны басылып қалады.
Мықын-асықты жіліктік байлам синдромының еміне ісікті қайтаратын және ауырсынуды басатын дәрі-дәрмек, тыныштық, сонымен қатар керіліп-созылатын жаттығулар қолданылады. Кейде қатты ауырып бара жатса стероидтарды енгізуген де дұрыс.
Тегтер:
мықын-асықты жілік байламы
мықын шығу
ұршық буыны
санның сытрқы жағындағы ауырсыну
тыныштық кезінде ауырсынудың басылуы