Бастарту синдромы - әдетке айналған алкогольді немесе есірткіні пайдалануды тоқтатудан кейін пайда болатын жағымсыз физикалық немесе психикалық өзгеріс. Мұның симптомдары бірнеше күнге созылуы мүмкін және жүрек айну, құсу, шаршағыштық, мазасыздану, бір орнында отыра алмау, қобалжушылық сияқты жағдайлар орын алады.
Бастарту синдромының симптомдары алкогольді немесе есірткіні шамадан тыс қолданғанның әсерінен пайда болады.
Алкогольден бас тарту синдромының симптомдары кейін 4-12 сағаттан соң немесе соңғы ішкен күнінен, бірнеше күнге дейін қолданбай жүргенде пайда болады. Алкогольге қаншалықты тәуелді болса, бас тарту синдромның симптомдары да соншалықты ауыр соғады (оны елірме дейді). Елірме кезінде көздік және құлақтық галлюцинация, ашушаңдылық және шатасу, дірілдеу және талма сияқты белгілер байқалады. Елірмені емдемесе, кейбір жағдайларда өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
Есірткіден бастарту синдромының симптомдары есірткіге тәуелділіктің түрлеріне байланысты болады. Жалпы симптомдары жүрек айну, құсу, іштің ауырсынуы, талма болып табылады.
Алкогольден және есітркіден бас тарту синдромы кезінде емделу үшін дәрі-дәрмек немесе орын ауыстырушы терепия қолданса болады. Алкоголизмде және есірткі қабылдау кезінде көбінесе емі ретінде реабилитация пайдаланылады.
Тегтер:
бас тарту синдромы
алкогольді интоксикация
галлюцинация
талма
Қалтырау
есірткі