Бұл не? Ішектердің қабыну синдромы – екі негізгі ауруды қамтиды: тоқ ішекті зақымдайтын спецификалық емес жаралы колит және Крон ауруы. Крон ауруы – ауыз қуысынан бастап анусқа дейінгі барлық асқорыту жолдарына таралады. Оның басқа аурулардан айырмашылығы – ішектің шырышты қабатында гранулем-конгломерат лимфоциттары деп аталатын факторымен сипатталады. Бұл тек Крон ауруына тән.

Симптомдары
Ішектің қабыну ауруларының симптомдары:
• асқазан жақ ауырсынады,
• қан немесе ірің аралас диарея,
• қалтырау,
• дене салмағының төмендейді,
• шаршағыш келеді.

Аурудың ағымы әлсіз немесе ауыр өтуі мүмкін. Және де өршу немесе ремиссия (симптомсыз) фазаларында кездеседі. Крон ауруы мен жаралы колитпен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу керек.

Емделуі
Ем қабылдату - аурудың жағдайының күрделілігіне және науқастың жасына байланысты жүргізіледі. Еміне мынадай дәрі-дәрмектер қолданылады: кортикостероидтар, өндірістік аминосалицил қышқылы, дәрумендер, жоғарғы ақуызды диета. Қан кетуі сияқты ауыр жағдайларда зақымдалған тоқ ішектің сегменттерін хирургиялық жолмен алып тастайды.

Тегтер:

Ішектердің қабыну синдромы
Спецификалық емес жаралы колит
Крон ауруы
диарея
Кортикостероидтар
гастроэнтерология
Ішектердің аурулары
Қан кетумен көрінеді
Қан немесе ірің аралас