Құлағанда санмен түссең немесе тікелей соққы келіп жамбасқа немесе тізеге тисе, не болмаса, аяқты байқаусызда қайырып алсаң, бұдан ауыр жарақат алуың мүмкін. Ауыр жарақат кезінде соққы алған жер жансызданып қалғандай ауру сезімін сезеді және ол жамбастың сынуы да болуы мүмкін (жамбас-сан буындары сүйектерінің сынуы) немесе; жамбастың (жамбастың сынуы) мүмкін; сондай-ақ үзілмелі сынық, жамбас-сан буындарының тайып кетуі, жамбас-сан сіңірлерінің созылуы, шаптың немесе бөксенің бұлшық еттерінің созылуы, гематоманың түзілуі (қатты көгеру) болуы қаупі бар.
Отырғанда немесе тұрғанда жамбас-сан буындарының ауырсынбай сықырлауы (жарақат алғанда емес) мықын-асықты жілік байлам синдромымен сипатталады.
Сықырлау сезімі байлам санның үстіне, жамбасқа, ұршыққа ығысқанда білінеді. Ұршық буынында кейде ауырсыну болмайды немесе жеңіл ауырсыну сезімі болуы мүмкін. Сонымен қатар тізеде ауырсыну, санның қимыл-қозғалысының шектелуі, аяқтың әлсіреуі пайда болады. Мықын-асықты жілік синдромы көбінесе 15-40 жас аралығындағы адамдарда, балетпен және жеңіл атлетикамен айналысатындарда, яғни жамбаспен көп жұмыс жасайтындарда кездеседі.
Санның сықырлау симптомдарының пайда болуының басқа да себептері:
• Сан сүйектің үлкен ұршығын жамбаспен байланыстыратын мықын-бел сіңірінің созылуы немесе қабынуында.
• Санның сыртқы бетінде орналасқан фиброзды байламның қалыңдауы немесе созылуынан.
• Синовиалді қаптың қабынуы – бурсит.
• Сан сүйек басының бұдырлығы.
• Остеоартриттен буындық кеңістікті қорғайтын тіндердің жыртылуы.
• Ұршық буынына операциядан кейін тыртықты тіндердің түзілуі.
Емделуі – жарақаттың орнына, адамның жасына, белсенділігіне, жарақаттың дәрежесіне байланысты. Емі бандаж, гипс орнату, таяншық немесе тракция, физиотерапия, дәрілер, операция болып табылады.
Тегтер:
Сыну
Жедел жарақат
Жамбаспен құлау
Сықырлау сезімі
Мықын-асықты жілік синдромы
Ауырсыну сезімі
остеоартрит
Бандаж кию
Аяқтың әлсіздігі