Торлы қабық (көздің ішкі торлы қабығы) – бұл көзге түскен жарықты қабылдайтын жүйке жүйесіндегі жұқа жарғақша.

Торлы қабықтағы жүйке жасушалары көру жүйкесі арқылы көздің не көріп тұрғандығы жайлы миға белгі береді.

Торлы қабық көздің артқы үштен екі бөлігін алып жатады және екі қабаттан тұрады: сезімтал және пигментті эпителий қабаты

Көз алмасының кері жақ бетіндегі торлы қабықтың ортасында орналасқан дақ – тұнық көруге, дәлдікті анықтауға, орталық көру қабілетін айқындауға, көздің көру аймағындағы обьектіге назар аудартуға ықпал етеді.

Торлы қабықтың қалған бөлігі жанама көруді қамтамассыз етеді. Олар заттың тек формасын көрсетеді, бірақ ұсақ белгілерін көрсете алмайды.

Тегтер:

Торлы қабық
Жіңішке мембрана
Көз
Жүйке жасушалары
Екі қабаттан тұрады
Пигментті эпителий
Көздің көруі
Майда заттар
офтальмология