Квинке ісінуі немесе ангионевротикалық ісіну есекжемге ұқсас болып келеді, бірақ Квинке ісігі зақымдалу тереңдігіне байланысты ажыратылады. Ангионевротикалық ісігі кейбір кезде бөртпелерсіз де пайда болуы мүмкін.

Пайда болу себептері:
Квинке ісігі – аллергиялық реакцияның есебінен пайда болады. Аллергиялық реакция кезінде гистамин және тағы сол сияқты химиялық заттар қанағымға босап шығады. Иммунды жүйе ағзадағы аллерген сияқты жат затты анықтағанда, организм гистаминді бөледі.

Көбінесе ангионевротикалық есеңгіреудің пайда болу себебі анықталмайды.
Келесі себептер ангионевротикалық ісіктің пайда болуына әкелуі мүмкін:
• Жануар түктеріндегі қайызғақтар;
• Судың, күн сәулесінің, суықтың, ыстықтың әсері;
• Азық-түліктер (жеміс-жидектер, балық, жаңғақтар, жұмыртқа, сүт)
• Құрт-құмырсқаның, шыбын-шіркейлердің шағуынан;
• Медициналық препараттар; антибиотиктер, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, қан қысымын тұрақтандырушы дәрілер;
• Шаң-тозаңдар.

Есекжем мен Квинке ісігі жүйелі қызыл жегі, лейкемия, лимфома сияқты аутоиммунды аурулардан кейін немесе солармен қатар пайда болуы да мүмкін.

Ангионевротикалық ісіктің кейбір түрлері тұқым қуалаушылық жолмен беріледі, сонымен қатар себептеріне, асқынуларына, еміне байланысты айырмашылықтары болады.

Симптомдары
Аурудың негізгі симптомы – кенеттен пайда болатын терінің беткей қабатының ісінуі. Сонымен қатар терінің беткі қабатында ісіктер мен тыртықтар пайда болуы да мүмкін.
Бірінші кезекте көз айналасы және ерін ісінеді. Сонымен қатар қол, аяқ, тамақ жақтарда пайда болуы мүмкін.
Тері бетіндегі тыртықтардан бөртпелер шығып, сәл ауырсыну немесе қышыну сезімдері пайда болуы мүмкін. Бұл симптомдар есекжемге тән. Бөртпелер тітіркенгенде ақ түске енеді. Ауырсыну ангионевротикалық ісіктің теріні зақымдаған тереңдігіне байланысты болады.

Басқа да симптомдар:
• Іштегі спазм – құрысу, тырысу.
• Тыныс алудың қиындауы.
• Ауыз бен көздің ісінуі.
• Көздің кілегей қабатының ісінуі.

Диагностикасы
Дәрігер науқасты қарап тексеру кезінде теріде пайда болған өзгерістерге байланысты, тітіркендіргіш немесе химиялық заттардың әсерінен болғанын немесе болмағанын сұрауы керек. Егер науқастың тамағы ісіп кетсе, медициналық тексеру кезінде науқастың тыныс алуы қиындап, қалыптыдан тыс дыбыстар шығуы мүмкін.
Дәрігер сонымен қатар аллергиялық рекацияны байқау үшін қан талдамасын алуы мүмкін.

Емделуі
Жеңіл симптомдары кезінде ауруды емдеу қажет етпейді. Ауыр және орташа симптомдары кезінде ауруды емдеу керек.

Квинке ісігімен ауыратын науқастар келесі ережелерді сақтау керек:
• Ауруды шақыратын кез-келген факторлардан немесе аллергендерден алшақ болғаны жөн.
• Дәрігеріңіз тағайындамаған дәрілерден, қабылдауға болмайтын азық-түліктерден шектелу керек.
• Ауырсынуды төмендету мақсатында ісік пайда болған жерге суық дәке орамалын басу керек.

Ангионевротикалық ісікте қолданылатын дәрілер:
• Антигистаминдік препараттар.
• Қабынуға қарсы дәрілер
• Эпинефринді егу
• Тыныс алу жолдарын ашатын ингаляциялық дәрілер.
• Ранитидин.
• Егер де Квинке ісігі бар науқастың тыныс алуы қиындаса, тез арада жедел жәрдем шақыру керек, себебі анигиневротикалық ісік тыныс алу жолдарын толық бітеп өмірге қауіп төндіруі мүмкін.
Әдетте тыныс алу жолдарының бітемейтін және симптомдары жеңіл өтетін ангионевроткалық ісіну біірнеше күн ішінде қайтады.

Тегтер:
Квинке ісігі
Ангионевротикалық ісік
Есекжем
аллергия
Аллергиялық реакция