Сүт безі қабырғаларды қоршап жататын кеуде бұлшықеттерінде орналасқан. Әр сүт безі 15-20 бөліктерден тұрады. Бөлік көптеген бөлікшелерден тұрады. Бөлікшелер сүт шығара алатын кішкентай бездердің топтарынан тұрады Бөлікшелерде пайда болған сүт жіңішке түтікшелер арқылы ағып, емшек ұшына барады. Емшек ұшы – емшектің дәл ортасындағы домалақ қара түсті терісі. Май тіні – бөліктермен түтікшелердің арасындағы бос кеңістіктерді жауып жатады.
Сүт безінде сонымен қатар лимфа тамырлары орналасады. Бұл тамырлар лимфа түйіндері деп аталатын шағын дөңгелек ағзаларға әкеледі. Лимфа түйіндері топталып сүт безінің маңында орналасады, яғни, бұлшықет асты шұнқырда, бұғана үстінде, кеуде торында (сүт безінің артқы жағында) және тағы да басқа жерлерде. Лимфа түйіндері – бактерия, рак жасушалары сияқты, басқа да қажетсіз (улы) заттарды өзінде ұстап қалады.
Тегтер:
Сүт безі
Тері
Лимфа түйіндері