Лейкодистрофия– ми жасушаларына қатысты сирек кездессетін ауру түрі. Бұл ауру миелинді қабықшаны – электроқшаулағыш қабықты, мидың қорғаушы және жақпқыш қабықтарынның зақымдануынан туындайды.
Миелинді қабықтың зақымдануынан ми мен дененің басқа бөліктерінің арасындағы қатынас баяулайды немесе тұйықталып қалады. Оның салдары мынадай асқынуларға әкеліп соқтырады:
• Қозғалыс үйлесімділігі бұзылады;
• Сөйлеуде ыңғайсыздық туындайды;
• Көздің көруі нашарлайды;
• Есту жағы бұзылады
• Менталды және физикалық даму жүйесі бұзылады.
Көп жағдайда лейкодистрофия тұқым қуалау арқылы генетикалық жолмен беріледі. Аурудың симптомдары кішкентай кезден бастап көрініс береді. Аурудың белгілерін бастапқыда анықтау қиын, бұл ыңғайсыздықпен қиналып жүрген бала сырт көзге сау көрінуі мүмкін. Дегенмен де бұл симптомдар уақыт өте келе асқынып кетеді.
Өкінішке орай қазіргі кезде лейкодистрофияны емдеу әдісі табылмады. Кейбір медициналық дәрілер мен физикалық терапиялар арқылы науқастың жағдайын жеңілдетуге болады.
Ғалымдар лейкодистрофияның кейбір түрлерін емдеу үшін сүйек кемігін трансплантациялау мүмкіндіктерін қарастыруда.
Тегтер:
лейкодистрофия
Александр ауруы
Генетикалық аурулар
Бас миы