Мазмұны

Себептер

Белгілері

Диагностика

Емдеу

Болжау

Дәрігерге қай уақытта жүгінген дұрыс

Алдын алу

Анемия - бұл организмде қызыл қан түйіршіктерінің (эритроциттердің) жеткіліксіз мөлшерде түзілгендігінен пайда болады. Эритроциттер дененің ұлпаларына оттегін тасымалдайды. Анемияның көптеген түрлері бар.
Теміртапшылықты анемия темір органының жетіспеушілігінен дамиды. Темір - эритроциттердің пісіп жетілуі үшін қажет.

Себептер
Теміртапшылықты анемия қаназдықтың ең көп таралған түрі болып табылады.
Эритроциттер организмнің тіндеріне оттегін жеткізеді. Сау эротрициттер сүйек кемігіне (костный мозг) апарады. Олар 3-4 ай бойы ағза айналымына қатысады. Ескі эритроциттер өт ағзасында жойылады.
Темір - эритроциттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Темірсіз қан оттегіні тиімді тасымалдай алмайды. Темір әдетте денеге тамақпен кіреді. Сондай-ақ, дене өлі қызыл қан жасушаларының (эритроциттер) темірін қайта пайдаланады.

Темір дефицитінің анемиясы организмдегі темір қоймаларының сарқылуымен дамиды. Бұл келесі себептерге байланысты болуы мүмкін:
• Организмді қайта қалпына келтіретін эритроциттерді және темірді жоғалмасыз;
• Ағзада темірді ссіңіретін процес бұзылады;
• Темірді сіңіру процесі бұзылмайды, бірақ темір бар тағамдарды қабылдау азаяды.
• Организмнің көп мөлшерде темірді талап етуі (мысалы, жүктілік кезінде немесе емшек сүтімен бала емізу кезінде)

Темірдің жоғалуы қан кетуіне байланысты болуы мүмкін. Қанның кетуіне байланысты көп тараған себептері:
• Ауыр, ұзақ немесе жиі етеккір қанының кетуі
• Өңештің, асқазанның, аш немесе тоқ ішектің қатерлі ісігі.
• Циррозға байланысты өңеш тамырларының жуаруы;
• Аспирин, ибупрофенді немесе асқазанда қан кетуді тудыратын артритке қарсы препараттарды ұзақ уақыт қолдану
• Асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы

Денедегі темір сіңірілуінің бұзылуының себептері:
• Целиак ауруы
• Крон ауруы
• Асқазан айналма операциясы
• Кальций бар көптеген антацидтерді қабылдау
• Келесі жағдайларда азық-түліктен жеткілікті темір ала алмайсыз:
• Сіз ет жемейтін болсаңыз
• Сіз орта жастан ассаңыз және толыққанды тамақтанбасаңыз

Белгілері
Анемияның жеңіл түрінде симптомдар болмауы мүмкін.
Көптеген жағдайларда симптомдар баяу дамиды. Оларға мыналар жатады:
• Тітіркену
• Дене жаттығуларынан, немесе әдеттегі жағдайда жиі кездесетін әлсіздік немесе шаршау
• Бас аурулары
• Зеректіктің жоғалуы және ойлана алмау проблемалары
Анемияның қарқынды дамуын мына симптомдар білдіреді:
• Склераның көк түске боялуы
• Тырнақтың сынғыштығы
• Мұзды немесе басқа да азық-түлікке жатпайтын заттарды қалау (тәбеттің бұзылуы)
• Тік бағытта жүргенде көздің қарауытуы
• Бозғылт тері түсі
• Тыныстың тарылуы
• Тілдің үстіндегі ойық жаралы
Теміртапшылықты анеия ауруының белгілері:
• Үлкен дәреттің қаралау түске боялып, қан аралас шығуы
• Етеккір қан кету кезінде ауырсыну (әйелдерде)
• Іштің жоғарғы жағындағы ауырсыну (ойық жаралар бар болса)
• Салмақ жоғалту (қатерлі ісігімен ауыратындарда)

Диагностика
Анемияны диагностикалау үшін дәрігер сізге келесі қан анализін тағайындайды:
• Гематокрит және гемоглобин (эритроциттердің көрсеткіштері)
• Эритроциттердің көрсеткіштері
Қанның темір деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін сараптамаларға мыналар жатады:
• Сүйек кемігін тексеру (сирек жағдайда)
• Қан сарысуының темір байланыстыратын қабілетін тексеру
• Қан сарысуының ферритині
• Қан сарысуындағы темір деңгейі
Темір жеткіліксіздігінің себебін анықтайтын зерттеулер мыналарды қамтиды:
• Колоноскопия
• Үлкен дәреттегі жасырын қанды талдау.
• Жоғарғы эндоскопия

Емдеу
Емдеу тактикасы құрамында темірмен байытылған азық-түлік қоспаларын алу және темірге бай тағамдарды тұтыну болып табылады. Құрамында темір бар қоректік қоспалар (көбінде темір сульфаты) ағзадағы темір қоймаларды толтыру үшін қажет. Тағамдық қоспаларды тағайындағанға дейін дәрігер немесе медбике әдетте ағзадағы темір деңгейін анықтауы керек.

Егер темір препараттарын таблетка түрінде қабылдай алмасаңыз, оларды тамыр арқылы немесе бұлшықет арқылы енгізуді тағайындауға болады.

Жүкті және емшек сүтімен бала емізетін әйелдерде темірге деген қажеттілік жоғары болады, олар тамақтан қажетті мөлшерде темірді ала алмайды.

Гемоглабин деңгейі екі айлық темір терапиясынан кейін қалыпқа келуі керек. Сіз сүйек кемігіндегі темірді өз мөлшерінде сақтау үшін 6-12 айға дейін темір препараттарын қабылдауды жалғастырасыз.

Құрамында темірмен байытылған азық-түлік өнімдері:
• Тауық пен үндік
• Кептірілген жасымық, бұршақ және тас бұршақ
• Балық
• Ет ( бауыр)
• Жержаңғақ майы
• Соя
• Бидай наны

Сонымен қатар, құрамында темір бар:
• Сұлы ботқасы
• Жүзім, қара өрік және өрік
• Шпинат, қырыққабат және басқа да көк шөптер

Болжамы
Тиісті емдеу кезінде оң нәтиже көп зардап шекпейсіз. Дегенмен, ол анемияның пайда болу себебіне байланысты.

Қашан дәрігерге қаралу керек?
Төмендегі жағдайларда дәрігеріңізбен кеңесіңіз:
• Темір тапшылығының белгілері бар болса
• Үлкен дәреттегі қан қосындысын байқасаңыз

Алдын алу
Жүйелі түрде дұрыс тамақтануды қадағалау арқылы темір жеткілікті көлемде денеге кіреді. Қызыл ет, бауыр және жұмыртқаның сарысы байытылған темір көзі болып табылады. Ұн, нан және кейбір дәнді дақылдар темірмен байытылған. Егер темір тамақпен жеткіліксіз қамтылса, дәрігермен кеңескеннен кейін темір препараттарын алуға болады.

Тегтер:
темір жеткіліксіздігі
теміртапшылықты анемия