Буынның негізгі қалыптасқан орнынан қозғалып, немесе бөлініп кетуі – буынның шығуы немесе таюы деп аталады. Мысалы, тізе буыны шығып кетуі мүмкін, бірақ, оны шығару үшін үлкен күш керек. Десе де, тайған буынның толықтай шығып, салбырап қалуы сирек кездеседі. Ал тізе буыны шығып кетсе тез арада көмек көрсерту керек.

Тізе буынының шығып кеткендегі белгілері:
• Қатты ауырыды;
• Жарақаттанған тізе сұрланып, қан ұйып, терісі бозарып, мұздап тұрады. Шыққан тізе сауына қарағанда үлкейіп, ісіңкіреп кетеді;
• Қозғаған кезде кілтілдеп тұрғандай сезінесіз;
• Тізені бүгіп-жаза алмай қаласыз;
• Аяқты тіреп басу мүмкін еместей көрінеді.

Шыққан сүйекті қайта салғаннан кейін де қауіпті мәселелер орын алуы ықтимал.

• Буындағы немесе буын айналасындағы жұмсақ тіндердің созылуы немесе ажырауы (мысалы: сіңірердің, бұлшық еттердің, шеміршектердің)
• Жүйке және қан тамырларының зақымдануы мүмкін;
• Буында сүйек сынығы қалып қоюы немесе сүйек бөлігі буында қысылып қалуы мүмкін.

Мынадай жағдайларда шұғыл медициналық көмекке жүгіну керек:
• Сүйектерді өз қалпына келтіру үшін;
• Буынға таңғыш-қалақ салдыру үшін;
• Тез арада қан тамырларын және жүйке жүйесін немесе буынды қалпына келтіру үшін ота жасау керек болса.

Тегтер:
тізе буынының шығып кетуі
буынның ұйып, ауруы
тізенің зақымдануы