Кішкене ауқымдағы бас жарақатынан қанды қалай тоқтатуға болады

Бет терісімен бас терісіне жақын орналасқан қан тамырларының көп болуына байланысты, бастағы кішкентай жарақаттың өзінен көп қан кетуі мүмкін. Мұндай көп түрдегі қансыраудан қауіптенуіңіз мүмкін. Бірақ, көп жағдайда жарақаттың ауыр болмауына байланысты, емдік шараларды үй жағдайында жасап, қанды тоқтатуға болады. Үйде емдеуге болады ма, жоқ әлде шұғыл түрдегі дәрігердің көмегі қажет пе, оны жарақаттың түріне қарап шешу керек.

Шұғыл көмекке мұқтаж жағдайлар

Егер бастағы жарақат терең және сүйектен әрі өткен болса, шұғыл көмек қажет. Жедел жәрдем қызметкерлеріне хабарласыңыз. Жарақатты мына жағдайларда басып қыспаңыз:

• Бас сүйегі деформацияланған. Бас сүйектің майысуы, сынық сүйектің көрініп тұруы, немесе ашық мидың көрінуі бас сүйектің деформацияланғанын білдіреді.
• Көздің жарақаты.
• Мұрыннан немесе құлақтан аққан қанды, мөлдір сұйықтықты тоқтатуға тырыспаңыз

Кішкене жарақаттағы қанды тоқтату
Қанды тоқтатар алдында:

• Мүмкіндік болған жағдайда қолыңызды сабындап сумен жақсылап жуыңыз.
• Егер сіз басқа адамның жарақатына емдік шара қолданатын болсаңыз, жарақатты басу алдында қолдарыңызға латексті қолғап киіп алыныз (бар болса). Қолғап жоқ жағдайда, қолыңызбен жарақаттың арасына бірнеше бүктелген таза материяны немесе пластикалық пакетті қойыныз. Жарақатты жалаң қолдармен тек басқа амал болмаса ғана қысыңыз.
• Зардап шеккен адамды шалқасымен жатқызыңыз
• Жарақаттан көрініп тұрған бөгде заттарды алып тастаңыз. Бірақ жарақатты тазалауға тырыспаңыз.
• Дәкемен, таза материямен немесе қолда бар таза матамен жарақатты қаттырақ қысып байлаңыз. Егер жарақатта алынбаған бөгде зат болса, заттың үстінен емес, жанынан қысу керек.
• Сағатқа қарап, алдағы 15 минут бойы жарақатты қысып тұрыңыз. Ұзақ уақыт өткендей болуы мүмкін, дегенмен жарақаттан қан тоқтағанын көру үшін ерте ашып жіберуден сақтаныңыз. Егер қан матаға әбден сіңіп кеткен болса, матаны алмай тұрып үстінен екінші матаны қойыңыз.
• 15 минут үзбей басып тұрғаннан соң, босатқанда қан қайта пайда болса, жарақатты тағы да 15 минут қысу керек. 3 рет 15 минуттан басуға болады (барлығы 45 минут).
• Егер 15 минут өткеннен кейін, қан тоқтамаса, тіпті азаймаса қысып тұра беріңіз. Қан ағып жатқан жерін көтеріңкі қалыпта ұстаңыз және дәрігер шақырыңыз.
Шок алудың симптомдары, мысалы: қатты уайымға берілу, жағдайды толық түсіне алмау, қорқыныш сезімдеріне ұшырау, жиі және үстіртін ғана тыныс алу т.б.. Шок алу – шұғыл көмекті талап етеді. Себеббі ол адам өміріне қауіпті жағдай.

Тегтер:
қансырау
бас жарақаты
кесілу
шұғыл көмек
қан тамырлары