Тері жарақатындағы қанды қалай тоқтатуға болады

Егер шұғыл түрде емдеуді қажет етпесе, келесі шаралар тері жарақатын, сондай-ақ басқа адамның қанымен тікелей байланыста болдырмаудаудан сақтайды.

Қанды тоқтату үшін ең алдымен:

• Егер қолыңыз қан-жоса болып тұрса, мүмкіндігінше, қолыңызды сабынмен жақсылап жуып алыңыз;
• Жарақатты сықпас бұрын, медициналық қолғаптарды киіңіз (бар болса). Егер қолыңызда медициналық қолғаптар болмаса, таза матаны, пластикалық пакетті, немесе қолыңызда бар кез келген таза материялды жарақаттың үстіне қабаттап қойып алыңыз.
• Зардап шеккен адамның мүмкіндігі болса, жарақаттанған жерін өзіне қыстырыңыз, тіпті болмай жатса, жарақат алған аяқ-қолды көтеріңіз.
• Жалаң қолдармен тек басқа амал болмай қалған кезде ғана қысуға болады.

Қанды тоқтату

• Зардап шеккен адамды шалқасымен жатқызып, қансырап жатқан жерін көтеріңкіреңіз.
• Жарақаттан көрініп тұрған, алынуы оңай барлық заттарды алып тастаңыз. Жарақатты тазалау үшін алдымен қанды тоқтату керек.
• Жарақат маңындағы киімді шешіңіз немесе қиып тастаңыз. Жарақаттанған жер ісіп кетсе, қан айналымына әсер етпеуі үшін, әшекей бұйымдарды түгелдей алып тастаңыз.
• Сағатқа қарап, алдағы 15 минут бойы жарақатты басып тұрыңыз. Ұзақ уақыт өткендей болады кейде, дегенмен қан тоқтағанын көремін ерте ашып жібермеңіз. Егер қан матаға әбден сіңіп кеткен болса, матаны алмай тұрып үстінен екінші матаны байлаңыз. Егер жарақаттанған жерде, бір зат болса, жарақаттағы заттың үстінен емес, жанынан қысу керек.
• 15 минут өткеннен кейін қан азаймаса немесе тоқтамаса қан кетіп жатқан жерді көтерінкіреп жарақатты қысып тұра беріңіз.
• 15 минут үзбей басып тұрғаннан соң, босатқан кезде қайта қан ақса, тағы да 15 минут жарақатты басу керек. 3 рет 15 минуттан басуға болады (барлығы 45 минут).

Тегтер:
қан кетуді тоқтату
жарақат
қан кеткен кезде көрсетілетін көмек