Белдемелік теміреткі (белдемелік герпес) - бұл вирустық инфекция. Дененің бір жақ бөлігінде бөртпелер шығады, 1-2 күннің ішінде ауру сезімдері пайда болып, дене дуылдап ашиды. Бөртпелер асқынып көлдірей бастайды, кейін беті қабыршықтанады. Бірақ, олар бірнеше аптаның ішінде жойылады.

Теміреткі шешек ауыруының вирустарынан пайда болады. Шешек ауыруымен ауырған адамдардың жүйке тіндерінде қалып қойған вирус кез –келген уақытта қайта белсенділік танытады. Шешек ауыруы көбінесе егде жастағы және иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда стрестің, жарақаттың немесе басқа да факторлардың әсерінен пайда болады. Вирустың қайта өршуіне ненің әсері болатыны нақты белгісіз.

Теміреткімен зақымданған адамның денесіндегі көлдіреген жерлері қабыршықтанбаса, одан вирус таралуы мүмкін. Теміреткінің жайылып кетуі, бұрын адам ауырмаған болса немесе екпе егілмеген жағдайда, шешек ауруына шалдықтыруы мүмкін.

Дәрі-дәрмектер бөртпеден және ауырсынудан болатын жағымсыз әсерді бәсеңдетеді. Кейбір адамдарда бөртпелер жойылғаннан кейін де ауру сезімдері жалғаса береді (постгерпестік невралгия).
Терінің жалпы проблемалары (ерлерде | әйелдерде)

Тегтер:
теміреткі
шешек ауруы
вирус
бөртпе
көлдіреу