Mouth

Көмей– мойынның алдыңғы жағында орналасқан мүше. Сонымен қатар оны дауыс қорабы деп атайды. Ересек адамның көмейінің көлемі 5х5 см болады. Көмей кеңірдектен жоғары, сондай-ақ өңештің алдында және жоғары орналасқан.

Көмей дауыс байламдарын түзуге қатысатын 2 бұлшықетті талшықтардан тұрады. Көмейдің алдында орналасқан шеміршекті құрылым – Адамов алмасы деп аталады.

Көмей 3 бөліктен тұрады:
• Жоғарғы бөлігі – көмей үстілік бөлігі.
• Ортаңғы бөлігі – дауыс байламы орналасқан бөлік.
• Төменгі бөлігі – көмей асты бөлігі. Көмей асты бөлігі – кеңірдекпен жалғасады.

Көмей тыныс алуға, жұтынуға, сөйлеуге қатысады. Негізінен көмей кеңірдек үстілік қақпақша сияқты жұмыс жасайды, яғни жабады, ашады, тыныс алуға, жұтынуға, сөйлеуге көмектеседі.

Тыныс алу: сіз тыныс алмаған жағдайда дауыс байламдары толық жабық тұрады
.
Жұтыну: көмей кеңірдектің қорғаныш қызметтін атқарады. Сіз тамақты жұтқанда көмей үстілік бөлік жабылып, тамақ өнімдерінің кеңірдекке және өкпеге түсуінің алдын алады. Тамақ өңеш арқылы асқазанға түседі.

Сөйлеу: көмейдің арқасында әр түрлі дыбыстар шығара аласыз. Сөйлегенде, сіздердің дауыс байламдарымыз бір-біріне жақындайды. Өкпеден шығатын ауа дауыс байламдары арқылы өткенде толқындар пайда болып, содан дауыс пайда болады. Тіл, ерін, тістердің арқасында бұл дауыстар сөздерге айналады.

Тегтер:

көмей
көмекей
тыныс алу
жұтыну
сөйлеу