Баттен ауруы – сирек кездесетін тұқым құалайтын ауру. Ол ерте жаста, бала кезде бастау алады, жүйке жүйесіндегі жасушаларды зақымдайды, арты өлімге апарады.

Кей жағдайларда баланың бойында ерте кезде пайда болған ауру белгілерін байқай бермейміз, байқасақта «баланың жеке қасиеттері шығар» деп, оған мән бермейміз. Мысалы мынадай ерекшеліктер болады: бала өте баяу оқиды, шаруаға икемсіз, ебедейсіз болып келеді, жүрген кезде сүріншектей береді.

Баттен ауруының белгісі ағзадағы жүйке жүйесінің жасушаларында, липопигмент деп аталатын, майлы заттардың жиналуынан туындайды. Аурудың алғашқы белгілерінің бірі көздің көруі нашарлайды, көз жанарын тексеру барысында жиі ауырады. Әдетте, окулист немесе басқа дәрігер бұндай науқасты невропатологқа жібереді.
Аурудың диагностикасы қан және зәр талдауы, тіндік үлгіні талдау, электроэнцефалограмма, көздің электронды талдауы, миды сканерлеу.

Емделу үшін
Қазіргі уақытта аурудың емдеу әдісі жоқ. Дегенмен, кейде талуға қарсы препараттар ауру кезінде пайда болатын ұстаманы жеңілдетуге көмектеседі. Физиотерапия және еңбек терапиясы науқастардың ағзасының қалыпты функциясын ұзақ уақыт бойы сақтауға көмектеседі.

Аурудың ағымы
Уақыт өте келе Баттен ауруына шалдыққан балалар, психикалық бұзылыстан, ұстамадан, көру қабілетінің және моторикалық дағдылардың жоғалуынан зардап шегеді. Уақыт өте келе бұл аурудан зардап шегетін балалар көру қабілетін толық жоғалтады, төсек тартып жатады. Көбінесе бұл ауру жасөспірім кезеңіндегі немесе ерте жастағы балалардың өліміне себепші болады.

Тегтер:

Баттен ауруы
Генетикалық аурулар