Мазмұны

Себептері

Белгілері

Диагностикасы

Емделуі

Болжамы

Дәрігерге қашан қаралу керек


Алопеция – деп, шаштың ошақтанып тусетін ауруын айтады. Бұл ауру асқынса, болашақта шаш түгелдей түсіп, таз болып қалуы мүмкін.

Себептері

Ошақты алопецияның себебі белгісіз. Дегенмен, бұл ауру кейде тұқым қуалайды.
Ошақты алопеция аутоиммунды ауру болып табылады. Иммундық жүйе қателесіп дененің сау ағзасына шабуыл жасап, бүтін тіндерді бұзады.
Ошақты алопеция ерлер мен әйелдер арасында, сондай-ақ балалар ішінде де кездеседі. Кейбір адамдардағы шаштың түсуі жүктілікке немесе алған жарақатына байланысты болуы мүмкін.
Алопецияның түрлеріне:
• Ошақты алопеция – Шаш аздаған жерден ғана түседі.
• Тотальды алопеция – шаш бас терісінен толығымен түсіп қалады.
• Универсальды алопеция – тотальды шаш түсуі, яғни барлық терідегі түктер түлеп қалады.


Белгілері:

Шаштың түсуі, негізінде, аурудың жалғыз белгісі болып табылады. Кейбір науқастарда ашу немесе қышу сезімі болуы мүмкін.

Ошақты алопцияда әдетте бастың 1-2 жерінен шаш түсе бастайды. Сосын, түсуі жиілеп кетеді. Кейбір адамдарда алопеция ошақтары сақалда, қастарда, қолдарда немесе аяқтарда пайда болуы мүмкін.

Шаштың түскен орындары тегіс және дөңгелек болады. Олар шабдалының түсіне ұқсап келеді. Кейде, таз болып қалған жерлерге леп белгісіне ұқсас шаштар пайда болуы мүмкін.

Алғашқы симптомдар басталғаннан кейін 6 ай ішінде шаш толық түсіп қалуы ықтимал.

Alop1

Alop2

Диагностикасы

Ауруды диагностикалау үшін бас терісіне биопсия жасалуы мүмкін. Аутоиммунды аурулар мен қалқанша безінің ауруларын болдырмау үшін, қан анализін тағайындау керек.

Емделуі

Егер аздан түсіп жатса, онда бірнеше айдың ішінде еш емделусіз өздігінен қайта өседі.
Шаш түгел түсіп, мүлдем өспей қалса, оны канша емдесе де қайта өсу-өзпеуі белгісіз.
Ең көп қолданылатын емдеу әдістері:
• Гормондардың тері астына енгізілуі 2
• Тері бетіне, қолданылатын дәрілер
• Ультракүлгін сәулелермен терапия
Шаштың түсу аймақтарын жасыру үшін, жасанды шашты қолдануға болады.


Болжамы:

Қазіргі кезде түскен шаштарды қатадан толық қалпына келтіру мүмкіндігі бар.
Дегенмен, кейбір адамдарға бұл болжам сәйкес келмей қалуы да ғажап емес. Мысалы:
• Жас кезінен басталған, ошақты алопеция
• Экзема
• Созылмалы алопеция
• Бас және тері шашының толықтай түсуі.


Дәрігерге қашан қаралу керек

Шаштарыңыздың жиі түсуін байқасаңыз, дереу дәрігерге барыңыз.

Ақпарат көзі: https://medlineplus.gov/ency/article/001450.htm

Синонимдер: Тотальды алопеция; универсальды алопеция
Тегтер:

Ұялы алопеция
Дерматоз
Алопеция белгісі
Алопеция емі