Гинекомастия дегеніміз не?

Гинекомастия - ерлердегі сүт бездерінің ұлғаюы. Әйелдік эстроген гормонының молайып, без жасушаларының ісініп кеудені өсіруінен немесе еркектік тестостерон гармонының жетіспеушілігінен болады бұл ауру. Гинекомастия жас жеткіншектерде де, бозбалаларда да, ересектерде де кездесіп жатады.

Gmmrus

Гинекомастияның себебі неде?

Жаңа туылған нәрестелерде гинекомастия анасының эстрогенінен туындайды. Әдетте ол балаға 2 - 3 апта болғанда өздігінен оңалады.

Жасөспірімдерде гинекомастия гормондық өзгерістердің салдарынан пайда болады. Гинекомастия 13-14 жастағы балалардың шамамен үштен бірінде кездеседі.

Ересек еркектерде гинекомастияның пайда болуы, әдетте өкпенің қатерлі ісігі, бауыр циррозы, қалқанша безінің гиперавктивтілігі немесе гипофиздің қатерлі ісігі, бүйрек үсті безі ісігі) сияқты гармондық ауруларға байланысты. Алкоголь, марихуана, метамфетамин мен героинді қолдану гинекомастияны дамытуы мүмкін.

Кейбір препараттар гинекомастияның пайда болуына себепші:
• Стероидтар (мысалы, преднизон немесе гексадрол).
• Ойық жараға арналған дәрілер (мысалы, циметидин).
• Эпилепсияға қарсы арналған дәрі-дәрмектер (мысалы, фенитоин Дилантин).
• Дигиталис және жүрек үшін басқа да дәрі-дәрмектер.
• Химиотерапиялық препараттар әсіресе алкилирлеуші агенттер ДНҚ-ға кедергі жасайтын және ісік жасушаларының өсуін кешіктіретін, ісік үшін ісікпен күресетін дәрі-дәрмектер.
• Антиандрогенді дәрілер (мысалы, флутамид, ципротерон және спиронолактон).
• Транквилизаторлар және антидепрессанттар (мысалы, диазепам Валий және трициклды антидепрессанттар).

Белгілері қандай?

Гинекомастиядан зардап шегетін еркектер мен ұлдарда кеуденің өсуінен басқа, резеңке тәрізді немесе қатты кеуде пайда болуы мүмкін. Балаларда бір жақ немесе екінші жақ кеудесінде де қосымша емшек ұштары (папула) болуы мүмкін. Бұл папула 18 айға дейін сақталуы мүмкін, бірақ әдетте өзі кетіп қалады.

Гинекомастия қалай анықталды?

Гинекомастия әдетте медициналық тексеруден және медициналық ауру тарихы негізінде анықталады. Көп жағдайларда анализдер қажет емес. Алайда, егер кеуде ісігі әдеттен тыс үлкен болса, ісік бір жағында болса, ауру сезімі тұрақсыз болса, науқасқа басқа да сынақтар өткізуге болады.

Оны қалай емдеу керек?

Балалар мен жасөспірімдерде гинекомастия, әдетте емдеуді қажет етпейді және өз бетінше кетеді. Егер бұл дәрі-дәрмектерден немесе басқа аурудан туындаса, онда, сол дәрі-дәрмектерді дереу тоқтату керек. Егер оның себебі тестостеронның болмауы және эстроген деңгейінің жоғарылауы болса, гормон терапиясы тағайындалуы мүмкін.

Тегтер:
Гинекомастия
Гинекомастия себебі
Гинекомастия белгілері
Гинекомастия емі