Бұл не?
Конго-Қырымдық геморрагиялық қызбасы (конго-қырымдық қызба, ортаазиялық геморрагиялық қызбасы) - адамның вирустық табиғи-ошақты ауруы, оның қоздырғышы - кене болып табылады. Ол күрт басталуымен, дене қызуының екі толқындық көтерілуімен, жалпы интоксикациямен және геморрагиялық синдроммен (қан ағу жоғарылайды) сипатталады.
Конго-Қырым ауруын алғаш рет ресей дәрігерлері 1944 жылы тапқан, кейін бұл ауру Конгода, Нигерияда, Сенегалда, Кенияда сипатталған. Қызбаның қоздырғышы – РНҚ құрамындағы нейровирустар типіндегі вирус. Вирусты майда жабайы құрт құмырсқалар кенелер тасмалдайды және олар сол вирусты сақтаушылар болып табылады.
Инфекцияның өршитін уақыты - мамыр және тамыз айлары. Инфекцияны ауру адам да таратып жүреді. Емханаларда ауру адамның қанымен таралған жағдайлар да кездескен.


Kongo

Kongo1

Kongo2

Kongo3

Kongo4


Қандай өзгерістер болады?
Вирус организмге тері арқылы (кене шаққан кезде) енеді. Вирус қанға сіңіп, ретикулоэндотелиальды жүйесіндегі торларда жинақталады, содан қанайналымда жүреді. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы 1 және 14 күн аралығында (жиі 2-7 күн).
Клиника және симптомдары
Қатты аура бастайды, дене қызуы кенеттен 39-40°С дейін көтеріліп, қалтырау басталады. Бас мең-зең болып сынып ауырады, әлсіреп, көзге ұйқы тығылғандай болады, бүкіл дене қақсап аурып, бұлшық еттер және буындар талаып кете береді, іш ауырып, өңешке құсық келеді. Бастапқыда науқастарды қарап, тексергенде, бет, мойын және кеуденің үстіңгі бөліктерінің терісі қызарады екен («капюшон симптомы»). Вирус қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігінің артуына әкелетін қан тамырларының эндотелийін, сондай-ақ, бүйрек үсті безінің сыртқы қабатын және гипоталамусты бұзады, қан ұю процестерінің бұзылуына әкеледі. Аурудың 2-6 күнінде геморрагиялық синдромы дамиды. Кеуде қуысының бүйір бетіндегі температура аздап төмендеген кезде, иық белдеуінің аймағында жоғарғы және төменгі бөліктерде геморрагиялық бөртпе пайда болады. Инъекциялық жерлерде, мұрыннан және қызыл иектен қан кетеді. Осы кезеңде ауру күшейеді, ес жоғалту эпизодтары қайталануы мүмкін. Асқазан мен ішектің қан кетуі болжамды нашарлатады. Орташа есппен алғанда, дене қызуы 12 тәулікке дейін көтеріледі, сауығу баяу жүреді, әлсіздік (астения) 1-2 ай бойы сақталады. Геморрагиялық қызбасының асқынуынан — сепсис, өкпенің ісінуі, ошақты пневмония, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі пайда болуы мумкін.
Диагностикасы және емі
Ауруды тану, клиникалық деректерге негізделеді (жедел басталуы, ауыр түрде өтуі, ауыр геморрагиялық синдромы, маусымдық, анамнезінде кене шағуы). Вирусологиялық және серологиялық диагностиканың әдістері практикада сирек пайдаланылады. Емдеу инфекция бөлімінде жүргізіледі. Қабынуға қарсы ем тағайындайды, несеп шығуы қалыпқа келтіріледі.Бүйректің зақымдануын арттыратын препараттарды қолданылмайды.
Профилактика
Табиғи аудандарда кененің белсенді периодында, абайлап, ұқыпты болып жүру керек. Кене шаққан кезде жедел түрде медициналық мекемеге хабарласыңыз.

Тегтер:
Конго-Қырымдық геморрагиялық қызбасы
Қызбаның симптомдары
Қызбаның себебі]
Қызбаның емі
Қан кету