Ганглий (түйін) – ішіне гель тәріздес мөлдір сұйықтық жиналған кішкентай қапшықтар. Олар қолда және білекте, кейде табанда, балтырда, тізеде және иықта пайда болады. Олар қатерлі.

Gangc

Ганглийдің шығу себебі белгісіз. Бірақ, бұл жарақаттың әсерінен болып қалуы да ықтимал, өйткені сіңір қынапшасына немесе жілік қуыстарына қосымша сұйықтықтар жиналып қалса олар да томпиып шыға келеді.
Ганглийі бар адамдардың көбісі, оның кенеттен пайда болғанын байқайды. Олардың көлемі бидай сияқты немесе шиеден үлкен болуы мүмкін, әдетте аурымайды және қозғалмалы болып тұрады. Қозғалған сайын олар өседі, өйткені қапшықта сұйықтық көп жиналады. Ганглий өздігінен азайып та, жарылып та кетуі мүмкін.

Ганглийлер аса қауіпті емес. Ол өздігінен жоғалып кетеді. Егер пайда болған ганглилер өздігінен жоғалып кетіп жатса арнайы емдеудің қажеті жоқ. Егер гангли ауыртса, сұрықсызданып немесе қозғалысты шектесе, оны кептіруге болады (аспирация) және оған кортикостероид енгізуге болады. Бірақ аспирациядан кейін гангли ылғыйда қайтадан пайда болады. Оны хирургиялық жолмен алып тастауға керек.
Ганглийді ауыр затпен басуға болмайды, өйткені одан пайда жоқ және ол жағдайды ұшықтырып жіберуі мүмкн.

Тегтер:
Ганглий
Терідегі кисталар
Буындардың үлкеюі
Теріде және буын айналасындағы гель тәрізді сұйықтық