Шашты сәндейтін және әрлендіретін арнайы заттар шаштың табиғатына зиянын тигізуі мүмкін.
Шаш адам ағзасында қандайда-бір физиологиялық маңызды рөл атқармайды. Олар дұрыс күтім жасалмағаннан зақымданса да ештеңе етпейді.
Шашты зақымдайтын және оның сынғыштығын, бөлінгіштігін тудыратын сәндеу құралдарына мыналар жатады.
• Шашқа арналған қысқыштар;
• Термобигуди;
• Тым ыстық шаш кептіргіштері;
• Шаш өңдеуге арналған химиялық заттар: мысалы, бояулар, тональды, ағартқыш құралдар, шашты түзету және тұрақты толқын беріп тұратын құрылғылар.
Шашқа арналған құралдарды дұрыс қолданған жағдайда, бұл өнімдер зиян келтіре бермейді.
Егер осы химиялық құралдардың кез-келгенін тым жиі қолданса, шаш әлсіз және сынғыш болып қалады. Егер де бір күнде екі процедура орындалса немесе ағартқыш құрал, бұрын бояудан тазартылған шашқа қолданылса, шашқа зақым келуі мүмкін.
Шашты тартып тұратын үлгілерде (мысалы, өрілген, биікке буылып тұратын) және шашты бір орында арнайы эластикалық таңғыштармен байлаған кезде, олар жиі түсуі мүмкін.
Шашты қатты, тығыз етіп байлаудан аулақ болыңыз немесе шашты сәндеудің еркін түрлерімен алмастырыңыз. Мүмкіндігінше, шашыңызға серпімді таңғыштарды аз байлаңыз.
Тегтер:
шаштың түсуі
шаштың сынуы