Тілдің түктенуі – тіл бүртіктерінің өсіп кетуінен пайда болады. Бір қарағанда тілге шаш өскендей көрінеді. Тілінде түгі бар адамның ауызынан ылғи жағымсыз иіс шығып тұрады. Ауру сезімі әдетте байқалмайды.
Тілдің түктенуінің себебі - ауыз қуысының гигиенасын сақтамағандықтан, сілекейдің аз бөлінуінен және антибиотиктердің жанама әсерінен болып жатады. Сондай-ақ, ауызды шаю үшін қолданған түрлі зиянды сұйықтықтар, шылым немесе түтінсіз (шайнайтын) табак т.с.с. тілде түктің пайда болуына себеп болады.
Тілдің түктенуі - қауіпті жағдай емес. Ол: антибиотиктерді немесе ауыз қуысын шаятын сұйықтықтарды тоқтатып, сілекейдің бөлінуі жақсарып, ауыз қуысының гигиенасы дұрысталғанда қайта кетеді. Тілдегі түкті түзілімдерді жойып,оларды болдырмау үшін, тілдің үстінгі жағын күнделікті тіс пастасын жұмсақ тіс шеткасына жағып сүркеп, ал астыңғы жағын сулы ерітіндімен тазалап тұру керек.
Тегтер:
Тілдің түктенуі
Ауыздағы жағымсыз иіс