Кейде иық талып, түсініксіз бір ауру сезімдері пайда болады. Мойынды ары-бері қозғаса да, иықты айналдырса да, қолды сермесе де еш өзгеріс болмай қояды. Сонымен қатар, басқа жерлеріңіз де аурып тұрғандай сезіледі (іш, кеуде тұсында), осындай ауырсыну сезімдері иыққа беріледі.

Берілетін ауру – қай жеріңіз ауырып тұрғанын түсінбейсіз, әйтеуір, дел-сал болып, организіміңізде бір жеріңіздің дұрыс жұмыс істемей тұғанын сезінесіз.

Иыққа берілетін аурудың себептері:
• Іш-құрлыста бір проблемалары болуы мүмкін . Мысалы: өттас немесе панкреатит;
• Жүрек немесе қан тамырлар дұрыс жұмыс істемей тұруы мүмкін. Ол кезде сол жақ қол немесе иық ауырады. Бұлай ауру: жүректің ұстамасынан немесе жүректің қабынуынан болады (перикардит).
• Өкпедегі ақаудің себебінен, мысалы, жауырында, кеуденің жоғарғы бөлігінде, қолтық астында немесе мойында ауырсыну сезімі болса, пневмония болуы мүмкін. Әдетте өкпенің ақауынан болса, сол жақтағы иық ауырып тұрады;
• Басқада жағдайларда, мысалы қоршамалы герпес(теміреткі), Педжет ауруы, торокальді ауру сезімдері болуы мүмкін;
• Сондай-ақ, лапароскопиялық абдоминальді хирургия кезінде газ қалып қойса немесе гинекологиялық процедуралар кезінде қынапта қысым ауытқуы болған жағдайларда да осылай ауырсыну сезімдері.

Тегтер:
ауырсыну
өттас
панкреатит
Перикардит
пневмония
қоршамалы герпес
Педжет ауруы
торокальді ауру сезімдері