Бұл не? Острицалар – бұл кішкетай, жіп тәрізді домалақ ішек құрттар, олар көбінесе асқорыту жүйесін зақымдайды, көбінесе 5 жастан, 10 жақа дейінгі балаларда кездеседі. Острицалардың ұзындығы 2 мм-ден 5мм-ге дейін болады. Олар ішекте мекендеп адамның жеген тамақтарымен қоректене береді.
Қалай жұғады? Әдетте острицалар осы құртты жұқтырған адамнан немесе осындай ішек құрттың жұмыртқалары бар заттан жұмыртқа күйінде адам организміне кіріп кетеді. Ал ауа арқылы жұғуы сирек кездеседі.
Острициялармен зақымданудың тағы бір белгілері айналшықтың (анустың) айналасы қышиды және соның әсерінен түнгі ұйқы бұзылады, қышуы түнде тіпті күшейеді. Ал басқа уақытта қатты қыши бермейді, бірақ оның өзіне де балалар шыдай алмай жатады. Көп адамдарда отрицасы болса да білінбейді. Кейбір адамдар ешқандай ем қабылдамасада жазылып кетеді.
Отрица жұқтырып алған адам дәрілермен тез емделеді және емделгеннен кейін инфекция да таралмайды. Острициялар адам денсаулығына көп қауіп төндіре бермейді.

Балаңызда осы белгілерді байқасаңыз, педиатрға хабарласыңыз, ол бұл ауруды тексеріп, қалай алдын алу керектігін көрсетеді.

Тегтер:
острцалар
паразиттер
ішек құрттар
қышу
асқорыту жүйесі