Тырнақтың астындағы тікен немесе қадалып тұрған басқа да зат қатты ауыртуы мүмкін. Егер зат кішкентай болса және тырнақтың астынан шығып тұрса, оны таза қысқышпен алып тастаңыз. Затты ары қарай итеріп жібермей, мұқият қарап алыңыз. Затты алып тастағаннан кейін қан ағуы мүмкін. Егер тырнағыңыздың астындағы тікенекті алып тастау қиынға соқса, дәрігерге барғаныңыз жөн.
Егер тікенекті алған болсаңыз, онда оның бүтіндігін тексеріңіз. Егер, қадалған тікенектің бір бөлігі қалып қойса, оны дәрігерге алғызыңыз. Мүмкін болса, жарты бөлшекті өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Ағаш секілді органикалық заттар рентген сәулелерінен көрінбеуі мүмкін. Тіпті оны шығару дәрігердің өзіне қйындық туғызуы мүмкін.
Тырнақтың астынан нысанды алып тастағаннан кейін инфекция түспегеніне көз жеткізіңіз.
Егер затты тырнақтың астында қалдырып жүре берсеңіз инфекция таралады. Тырнақ астына қадалған заттың әлі де сол орында тұрғандығын білдіретін белгілер:
• Егер, зат алынған кезде бүтін шықпай сынығы қалып қойса;
• Тырнақты басқан кезде, сырқырап ауыратын болса.
Тегтер:
тырнақтың астындағы тікен затты алғаннан кейін қан кету
тікенекті қалай алу керек
инфекция түсуі