Таңғыш қалақ (шина) орнату – кез-келген жарақатты уақытша емдеу түрі болып табылады. Таңғыш қалақтар зақымданған аяқ-қолды дәрігер тексергенге дейін асқынып кетудің алдын алады. Зақымдалған қол-аяқты қозғалыссыз ұстап тұрудің екі жолы бар: жараланған қол-аяқты қатты затқа немесе дененің басқа сау бөлігіне таңып байлау керек.
Бірінші әдіс – оралған газет немесе журнал, болмаса түзу таяқ, тіпті болмаса кез-келген түзу, қатты затқа зақымдалған аяқ-қолды белдікпен, немесе, кез-келзен оңтайлы жіппен таңып байлап тастау керек.
Зақымданған аяқ-қолға таңғыш қалақтарды орнату кезінде, мынадай сақтық шараларына мән беру керек:
• Таңғыш қалақты қатты қыспаңыз.
• Қатты байлаудың белгілері:
• Дененің ұйуы,
• Шаншуы,
• Ауырсынудің үдеуі,
• Таңғыш қалақтың астындағы терінің суып, бозғылт рең беруі,
• Таңғыш қалақтың астындағы ісіктің үлкеюі,
• Аяқ саусақтарының сынғаны байқалса ол жерді орауға болмайды. Сынған сүйек өз орнынан қозғалып кетуі мүмкін.
Таңғыш қалақтарды бекіткенде, саусақтар бүгілмейтіндей етіп бекіту керек. Жалпы ережеге сүйенсек, таңғыш қалақтарды түйіннің үстіне және оның төменгі бөлігіне орналастыру керек.
Екінші тәсіл – жарақаттанған қолды денеге орау арқылы қозғалыссыз ұстап тұру.
Таңғыш қалақтарды бұлай пайдалану – дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек болып табылады.
Тегтер:
жарақат
таңғыш қалақ
сыну
сүйек шығып кету
алғашқы көмек