Ми қан айналымының өтпелі ишемиялық бұзылуы – бұл мидың қан айналым аймағының уақытша бұзылуы деген сөз. Ол жақын арада ұстама (приступ) берудің белгісі болуы да ғажап емес.
Ишемикалық қан айналымының бұзылу салдарынан, қан қысымы төмендеп, жүректің соғу ырғағы да өзгеріп, артерияда ұйыма пайда болады.
Ишемикалық қан айналымының симптомдары, ұстаманың (приступ) симптомдарына ұқсас. Олар мыналар:
• Көру нашарлайды;
• Тіл күрмеліп, дұрыс сөйлей алмайды;
• Естен танады;
• Талып қалады;
• Бас айналады;
• Әлсіздік пайда болып, дененің бір жағы ұйып қала береді.
Ми қан айналымының ишемикалық өткінші бұзылудың талудан айырмашылығы ұзақ уақыттық симптомдарды туғызбайды. Әдетте, 10-20 минутқа созылады, ары кетсе 24 сағатқа дейін жалғасуы мүмкін.
Ми қан айналымының ишемикалық өткінші бұзылуы қауіпті талма ауруының бастамасы болып есептеледі.
Ми қан айналымының бұзылуы жайында мына сілтемеден кеңірек оқысаңыз болады: http://www.zdrav.kz/node/9486

Тегтер:
инсульт
қан ұйығы
бас айналу
әлсіздік
талу
қан аздық