Көптеген миелома (плазматикалық жасушалардағы ісік) – бұл обыр (рак) ауруының сирек кездесетін түрі. Ми қабықшаларындағы ақ қан түйіршіктерінің (плазматикалық жасушалардың) көбейіп кеткендігінен болатын ауру. Обыр (рак) жасушалары қан жасушаларын сығып шығарып, соның салдарынан қандағы қызыл түйіршіктердің төмендеуіне әкеліп соғады (анемия).
Плазматикалық жасушалардың көбеюі антиденелердің санын арттырады. Сондай-ақ плазматикалық денелер сүйектің мүжілуіне себепкер болады. Плазматикалық жасушалар сүйекке шоғырланып алып, плазмацитома деп аталатын шағын іссікке ұласып кетуі де ықтимал.
Миеломаның ең көп кездесетін симптомдары мыналар: салмақ жоғалту, әлсіреу, шаршау, сүйектердің сырқырауы, өкпенің қабынуы, тырыссқақтық, бүйрек ауруы. Егер ауру омыртқаны зақымдаса, онда ол бүлінеді, жұлынды жаншып өтеді.
Миеломаның нақты себептері әлі табылмады. Әзірге тексерулердің нәтижесінде ол әйелдерден қарағанде 40-70 жас аралығындағы ерлерде көп кездесуде. 40 жасқа дейінгілерде бұл ауру сирек кездеседі.
Миеломаның көбеюін химиотерапияның көмегімен емдейді, себебі, аномальды плазматикалық жасушалардың саны сонда ғана қысқарады. Ал ауруды басу үшін антибиотиктерді, сырқырағанды тоқтату үшін басқа да дәрі-дәрмектерді пайдаланса болады. Сүйек массалары зақымданған болса рентгенотерапияға түсі керек

Тегтер:
обыр
арықтау
әлсіздік
химиотерапия
сүйек кемігі
анемия