Мазмұны

Сипаттамасы

Шара не үшін өткізіледі

Қауіптері

Шара өткізудің алдында

Шара өткізуден кейін


Жатыр ішілік ұрықтануға қарсы құрал (ВМС) – Т-тәрізді шағын пластик құрал, жүкті болуға қарсы қолданылатын құрал. Оны жатырдың ішіне орналастырады, ұдайы сонда болады.


Сипаттамасы

Бұл құралды (ВМС) әдетте, дәрігер етеккір кезінде қояды. Оның кез келген түрлерін дәрігер клиникада тез және жеңіл орналастырады.

· дәрігер құрал салынған пластик түтікті іншектің ішіне, одан кейін жатырдың ішіне енгізеді.

· Түтіктегі поршеньнің көмегімен дәрігер құралды жатырдың ішіне енгізеді

· осыдан кейін дәрігер түтікті шығарады, екі шағын қыл жатырдан іншекке қарай шығып тұрады.

Бұл қылдардың әсері:

· дәрігерге немесе әйелге құралдың дұрыс тұруына көз жеткізеді

· керек кезінде құралды жатырдан алып тастауға көмектеседі. Құралды дәрігер ғана алып тасай алады.

Бұл шара өткізілген кезде жайсыздық және ауырсыну болуы мүмкін, бірақ, барлық әйелдерде кездесе бермейді. Құралды алып тастағанда сезілуі мүмкін:

· аздаған ауырсыну және жайсыздық

· түйілу және ауырсыну

· бас айналуы

Кейбір әйелдерде түйілу мен арқасының ауырсынуы құралды алып тастағаннан кейін 1-2 күн бойы сақталуы мүмкін. Кейбірінде бірнеше апта немесе ай бойы созылуы мүмкін. Жайсыздықты жоюға ауырсынуды басатын препараттар көмектеседі.

Contraception Device


Шара не үшін өткізіледі

Бұл құрал келесі жағдайларда жақсы шешім болады:

· жүктілікті бақылаудың ұзақ мерзімдік және тиімді құралы

· ұрықтануға қарсы гормондарды қабылдауға тәне қауіптері және жанама әсерлері жоқ.

Бірақ, құралды қояр алдында оның не екендігі туралы көбірек білу қажет.

Жатыр ішілік құрал (спираль) жүктіліктің 3-10 жыл бойы алдын алады. бұл тәсілдің ұзақтығы құралдың қандай түрінің қолданылуына байланысты.

Бұл құралы сондай-ақ, ұрықтануға қарсы шұғыл әдіс ретінде де қолданылады. Оны қорғаныссыз жыныстық қатынастан кейін 5 күн ішінде қоюға болады.


Қауіптері

Сирек болғанымен, құралды қоюдың белгілі бір қауіптері бар:

· құралды қолдануда аздаған жүкті болу қаупі бар. Егер жүктілік пайда болса, дәрігер құралды алып тастайды. Түсік немесе басқа қауіптердің алдын алу үшін.

· Жатырдан тыс жүктіліктің қаупі жоғары, тек жүктілік жатыр ішілік құралды қолдану кезінде пайда болса. Жатырдан тыс жүктілік дегеніміз – жатыр қуысынан басқа жерде пайда болған жүктілік. Бұл жағдай күрделі және өмірге қауіп төндіруі мүмкін.

· сондай –ақ, сирек асқынуы – құралды қою кезінде жатыр қабырғасын зақымдау.


Шараның алдында

Құралдың сізге жарамдылығын дәрігермен кеңесіңіз.

Сондай-ақ, дәрігерден сұраңыз:

· шара кезінде не сезіну мүмкін екендігін

· шара өткізілу кезінде қандай қауіптер болуы мүмкін екендігін

· шара өткізілгеннен кейін нені бақылау қажеттігін

Құралды көбінесе, кез келген уақытта қоюға болады, келесі жағдайлардан басқада:

· босанудан кейін бірден қоюға болмайды

· әдейі немесе кенеттен болған түсіктен кейін бірден қоюға болмайды

Жұқпа кезінде қоюға болмайды.

Құралды енгізу алдында дәрігер ауырсынуды басатын препаратты қабылдауға кеңес беруі мүмкін. Егер іншек немесе жатыр мойны аумағындағы ауырсынуға сезімталдығыңыз бар болса, шараның алдында жергілікті анестезия жасауды сұраңыз.


Шарадан кейін

Шараны өткізгеннен кейін үйге басқа біреуді жеткізіп салуын өтініңіз. Кейбір әйелдерде бірнеше күн бойы әлсіз түйілулер, белдің ауырсынуы және қан бөліністері болады.

Егер прогестероны бар құрал қойылатын болса, ол қойылғаннан кейін 7 күннен кейін әрекет ететін болады. Жыныстық қатынасқа түсу қажеттігі болса, бірінші аптаның ішінде қосымша ұрықтануға қарсы тәсілдерді де қолдану қажет, мысалы, ұрықтануға қарсы таблеткаларды немесе презервативтерді.

Дәрігер құралдың дұрыс орналасқандығына көз жеткізу мақсатында шарадан кейін қайта көрінуді 4-6 аптадан кейінге тағайындайды. Құралдың дұрыс орналасуын қалай тексеру қажеттігін және ол үшін не істеу керектігін дәрігерден сұрап алыңыз.

Құрал толығымен немесе жартылай жатыр қуысынан тыс кетуі мүмкін. Бұлай болғанда шұғыл дәрігерге көрініңіз. Өздігінше жылжып кеткен немесе түскен құралды алуға болмайды.

Келесі симптомдар болса, шүғыл түрде дәрігерге көрініңіз:

· тұмау тәрізді симптомдар

· Қызба

· қалтырау

· түйілу

· ауырсыну, іншектен қан немесе бөліністер шығуы


Ақпарат көзі: https://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/007635.htm

Материалды дайындаған Алмаз Шарман, медицина профессоры.

Аударған: Асель Стамбекова.

Редакциялаған: Александр Корольков.