Тұмау (инфлюэнца) дегеніміз не?
Тұмау (инфлюэнца) – жоғарғы тыныс алу жолдарының вирустық ауруы, кенеттен пайда болады, ысыну, дененің аурысынуы, бас ауыруы, тез шаршау, тәбетті жоғалту, құрғақ жөтел, көмейдегі ауырсыну мен құрғақтық секілді симптомдармен қосарланады. Тұмаудың суық тиюден айырмашылығы бар; тұмауда симптомдар, әдетте, күштірек, қарапайым суық тиюге қарағанда жұмыстан немесе мектептен бірнеше күн қалуға тура келеді.
Көптеген адамдар мәселесіз сауығады, бірақ, кейде ауру бактериалдық инфекцияның дамуына апаруы мүмкін, мысалы, құлақ инфекциясы, мұрын қуысының инфекциясы немесе бронхит. Үйде дұрыс емдеу осындай инфекциялардың алдын алуға көмектеседі. Бірқатар жағдайда күрделі асқынуы да болуы мүмкін, мысалы, пневмония. Асқыну дамуы мүмкін, ауруханаға жатқызу қажет болатын қауіп топтарына жататындар:
· сәбилер,
· 65 жастан асқан ересектер,
· Ауыр аурулары бар адамдар.
Тұмаудың себебі не?
А және В тұмауының вирустары классикалық тұмауды туындатады. A түрі, әдетте, жыл сайынғы тұмауды қоздырушы.
Бұл вирустар ұдайы өзгереді, шағын түрлер мен штаммдардың түзілуіне апарады, олардың бастапқы вирустан айырмашылығы болады, бірақ, кейбір сипаттамалары сақталады. Тұмауды туындататын вирустың штаммы жыл сайын өзгереді.
Симптомдары қандай?
Тұмау ысынумен, жөтелмен, қалтыраумен, дененің ауырсынуымен, бас ауыруымен, тез шаршаумен сипатталады. Бұл симптомдар әдетте, 3-4 күн бойы сақталады, одан кейін құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі/ағуы немесе тамақтың жыбырлауы пайда болып, апта бойы немесе соған жуық сақталады. Инкубациялық кезең – тұмау вирусымен қатынастан бастап оның симптомдарына дейін: 1-4 күн.
«Тұмау» термині тұмау тәрізді симптомдары бар жеңіл дәрежелі түрлі ауруларға да жиі қолданылғанымен, бұл вирустық тектес, өзіне тән симптомы бар, өз алдына бөлек ауру, көбінесе күздің соңы мен қыста дамиды.
Тұмаудың симптомдары кенеттен пайда болады және жиі кездесетіндері:
· Ысыну 37.8 °C - 40 °C, кейде аурудың басында 41.1 °C жетеді. Жоғары температура үздіксіз сақталады, кейде кезеңді көтерілуі мүмкін. Егде жастағы адамдарда температура балалар мен жастарға қарағанда төменірек болады.
· Қалтырау.
· Дененің ауырсынуы және бұлшық еттің ауырсынуы (көбінесе, күшті),әдетте, арқада, қол-аяқта.
· Бас ауыруы.
· Көз ұясының қозғалуында ауырсыну.
· Тез шаршау, жалпы нашар сезіну, тәбет жоғалту.
· Құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі/ағуы, көмейдің құрғақтығы және ауырсынуы. Аурудың бірінші күндері бұл симптомдар байқалмауы мүмкін, ал басқа симптомдары айқын болады. Ысыну басылғанда бұл симптомдар айқын байқалады.
Күшті ысынуда басқа симптомдар әдетте, айқынырақ болады.
Қалай өтеді?
Тұмау әдетте, кенеттен басталады. Көптеген жағдайда симптомдары нақты басталған сағатын айтады. Симптомдар жұқпаланғаннан кейін 1-4 күн аралығында дамиды.
Классикалық тұмау 3 күнге жуық ысынумен сипатталады, одан кейін біртіндеп басқа симптомдар көрініс береді. Әдетте, ысыну 2-3-ші күндері аздап басылады. Кейде 8 күнге дейін созылады.
Респираторлық симптомдар (жөтел, мұрынның бітелуі/ағуы, көмейдегі ауырсыну) ысыну мен басқа симптомдар азая бастағанда айқындалады. Олар әдетте, ысыну өткеннен кейін 3-4 күн бойы сақталады. Құрғақ, қарлығатын жөтел басқа симптомдар жойылғаннан кейін 10 күнге дейін сақталуы мүмкін.
Толық сауығу кейде 1-2 аптаға дейін, одан да ұзақ созылады. Тез шаршау және әлсіздік бірнеше апта бойы сақталады.
Тұмаудың асқынуы кез келген адамда болуы мүмкін, бірақ, егде жастағы адамдар мен ауыр аурулары бар адамдарда жиі кездеседі, мысалы, жүрек және өкпе ауру бар адамдарда.
Ауруға шалдығу қаупі неліктен артады?
Тұмау вирусымен қатынаста болған кез келген адам жұқпалануы мүмкін. Бұл вирус жұқпалы және қарттар үйі, ауруханалар, мектеп, емханалар секілді адамдар топтасқан жерлерде жеңіл таралады. Осындай жерлерде жұмыс істеу, бару немесе тұру тұмауға шалдығу қаупін арттырады.
Аурудың ауыр түрлері мен асқыну қаупі келесі адамдарда жоғары болады:
· 4 жасқа дейінгі балалар.
· 65 жастан асқан ересектер. Тұмаудан болған өлім-жітімнің 90% жуығы осы жас топтарына жатады.
· Әйелдер, жүктіліктің екінші немесе үшінші үш айлығы тұмау маусымына келсе.
· Өкпенің созылмалы обструкциясына, басқа да өкпе мен жүрек ауруларына шалыққан адамдар.
· Иммундық жүйені әлсірететін дәрі қабылдайтын адамдар ( ЖИТС, т.б).
Алдын алу
Тұмау вакцинасын жыл сайын қазан/қараша айлары кезінде салу арқылы алдын алуға болады. “тұмауға қарсы вакцина ” инъекция түрінде тағайындалады. Бұл вакцина тұмаудың көп жағдайларының алдын алады, бірақ, алдын алу тиімділігі жасқа, денсаулық жағдайына, вирус штаммының айналымдағы штаммен ұқсастығына байланысты.
Егер вакцина тұмаудың алдын алмаса да, ол аурудың барысын жеңілдетеді, асқынуының даму қаупін азайтады. Зерттеулер көрсеткендей, тұмауға қарсы вакцина салу жұмыстан қалу күндерін және респираторлық инфекция бойынша дәрігерге бару санын азайтады, сондай-ақ, тұмаудан кейін асқыну дамитын адам санын азайтады, мысалы, пневмонияға шалдығу жағдайларын.
Осы нәтижелерге қарамастан, көпшілік вакцина алмайды. Бұл көпшіліктің сенбеушілігінен, және вакцина туралы дұрыс хабардар болмаудан, вакцинаның жанама әсері кейбір адамдарда ғана және аз болады және олар ұзақ сақталмайды.
Емдеу әдістерін шолу
Көпшілік сау адамдарда тұмау 7-10 күн ішінде өтеді. Әдетте, симптомдар 3-4 күн ішінде айқын болады. Жағдайды жақсарту және асқыну дамуының алдын алу үшін үйде емделу - әдеттегі қажетті шара.
Келесілер үшін вирусқа қарсы препараттарды қабылдауға болады:
· A немесе B тұмауының инфекциясынан туындаған симптомдардың ауырлығы мен ұзақтығын азайту.
· Аурудың ұзақтығын қысқарту.
· Қарттар үйінде тұмау ошағын бақылау.
· Тұмаудың күрделі асқынуының алдын алу үшін жоғары қауіп тобының адамдарында вирустың таралуын шектеу.
· Тұмаудың асқынуының даму қаупінің жиілігін төмендету.
Жоғары қауіп топтарының адамдарына бірінші симптомдары пайда болған сәттен бастап 48 сағатта дәрігерге бару қажет, аурудың ұзақтығын қысқарту үшін дәрі тағайындау қажеттігін анықтау үшін. Вируспен қатынаста болған жағдайда да дәрігерге бару және дәрі тағайындалуы қажет.
Дәрі қолданылмағанда, асқыну жағдайының белгілері болса, дәрігерге бару қажет.
Үйде емделу
Тұмауға шалдықсаңыз, 7-10 күн ішінде ауру өздігінше өтуі тиіс. Жағдайды жақсарту үшін келесі шараларды қабылдау қажет:
· Көбірек демалу. Төсекте жату жағдайды жақсартады. Сондай-ақ, қоршаған ортаға вирусты таратпауға көмектеседі.
· Ысынуда жоғалтылатын сұйықтықты толықтыру үшін көбірек сұйықтық ішу қажет. сұйықтық көмейдегі жыбырлауды жеңілдетеді және мұрын сілемейін сұйылтады.лимонмен ыстық шәй, жеміс шырындары, сорпа – дұрыс таңдау.
· Ысынуды ауыр көтеретін болсаңыз, аспирин немесе басқа ыстық түсіретін құралдарды қабылдаңыз. Температураны түсіру үшін губкамен салқындау сумен сүртінуге болады. суық су мен мұзды қолданбаңыз. Температураны төмендету тұмаудың симптомдарын тез жоюға көмектеспесе де, жағдайды жеңілдетеді.
· Дененің ауырсынуын және бас ауыруын жеңілдету үшін аспирин немесе басқа стероидты емес, ауырсынуды басатын құралдарды қабылдау қажет. 20 жасқа дейін аспирин қабылдамаңыз, дәрігер тағайындамаса. аспириннің және басқа дәрілердің асқазанға жайсыздығын есте ұстаңыз.
· Егер мұрын бітелуі/ағуы көбірек мазаласа, ісінуге қарсы құралды немесе мұрынға спрейді қолданыңыз. Бір құрамбөлікті ісінуге қарсы құралды іздеңіз. Мұрынға арналған спрейлер мен тамшыларды тағайындалғанна артық және 3 күннен артық қолданбаңыз.
· Мұрын бітелуін жеңілдету үшін ыстық душтың буын немесе ыстық суға толы раковинаның ылғал буын жұтуға болады.
· антигистаминдық препараттарды қабылдаудан алшақ болыңыз. Олар тұмаудың симптомдарын емдемейді және мұрын сілемейін қоюлатады.
· Егер мұрын маңайындағы тері мен ерін сүртуден құрғақтанса, аздаған вазелин жағыңыз. Лосьоны бар бір реттік салфеткалар қолдану да көмектеседі.
· Жөтелді жеңілдету үшін сәйкес тамшыларды немесе соратын кәмпиттерді қолданыңыз.
· Егер құрғақ, қарлығатын жөтел пайда болса, декстрометорфан құрамдас жөтелге қарсы рецептсіз дәрілерді қабылдаңыз. Кейбір препараттарда спирттің мөлшері үлкен болуы мүмкін, оларды абайлап қолданыңыз.
· Егер түнде жөтел ұстамасынан ояна берсеңіз, жастықты биіктетіп қойыңыз.
· Темекі шегуден және түтінін жұтудан алшақ болыңыз. Бұл кез келген уақытта жақсы ұсыныс, әсіресе, респираторлық инфекцияда.
Дәрігерге көрініңіз, егер:
· Сауыға бастасаңыз, одан кейін жағдайыңыз қайтадан ушықса.
· бактериалдық инфекция белгілері пайда болса, мысалы, сары, жасыл, қоңыр немесе қанды қақырықпен күшейген, қайта пайда болған жөтел; түспейтін ысыну, құлақтағы, көмейдегі, мұрын қуысындағы ауырсыну немесе қақырықты жөтел; немесе мұрыннан бөлінді, түсі мөлдірден боялғанға дейін өзгеретін 7-10- күн ішінде.
Дәрілік препараттар
Антивирустық препараттар 1- 1,5 күнде тұмаудың симптомдарын жеңілдетеді және ұзақтығын қысқартады, егер оларды бірінші симптомдары пайда болғаннан бастап 48 сағат ішінде қабылдаса. Бұл препараттар жыл сайынғы тұмау вакцинасымен иммунизацияны алмастырмайды. Антивирустық препараттар инфекцияның ошағын бақылауды қамтамасыз етуге және инфекцияның таралуының алдын алуда маңызды роль атқарады, әсіресе, тұмаудан кейінгі асқыну дамуы мүмкін жоғары қауіп топтарында.