Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет


Жалпы ақпарат

Тонзиллит – таңдай бадамша бездерінің қабынуы.

Таңдай бадамша бездері– лимфоидты тіннің жұпты жиналуы (организмнің қорғаныс серпіні үшін жасушалар өндіретін тін), жұтқыншақтың (ауыз қуысының арты) және ауыз аумағында орналасқан.

Жіті тонзиллит – ангина (баспа).

Tonzillit1

Адамның тамағы (алқымы) жұтқыншақтан және көмейден тұрады. Жұтқыншақ мұрын қуысының, ауыз қуысының және көмейдің артында орналасқан. Жұтқыншақ – ас қорыту түтігінің және тыныс алу жолдарының бөлігі, бір жағынан, мұрын мен ауыз қуыстарын, басқа жағынан, өңеш пен көмейді жалғастыратын бөлім. Көмейге кірер тұста лимфоидты түзілістердің толық шеңбері орналасқан: тілдің бадамшабездері, екі таңдай бадамшабезі, екі түтіктік және жұтқыншақтық бездер.

Tonzillit2


Себептері

Көбінесе, тонзиллит вирустардан және бактериялардан (стрептококк) туындайды.

Көбінесе жіті түрі болады, кейде – микоплазмадан (жасушалық қабырғасыз бактериялар) және хламидиядан (жасуша ішілік микроорганизмдер) туындауы мүмкін.

Инфекцияның берілу жолы – ауа арқылы, ауаның құрамында қоздырғышпен жұқпаланған сұйықтық (шаң) бөлшектері болады (ауа-тамшы жолы). Инфекцияның көзі - қоздырғышпен жұқпаланған адамдар (инфекцияға шалдыққандар және тасымалдағыштары).

Жіті тонзиллит созылмалы түрге өтіп, кезеңді асқынуы болып тұруы мүмкін. Созылмалы тонзиллит – инфекцияны басқа ағзаларға тарататын инфекция ошағы. Көбінесе, бұл асқынулар жүрек пен бүйрекке қатысты болады.

Созылмалы тонзиллиттің даму себептері:

· Ангина (баспа) кезінде дұрыс емделмеу немесе емделмеу;

· Мұрынның сүйек қалқасының қисаюынан, төменгі мұрын кеуілжірінің ұлғаюынан, мұрын полипінен мұрынмен тыныс алудың бұзылуы;

· әлсіреген организм;

· басқа созылмалы аурулардың болуы;

· маңындағы ағзалардағы инфекция ошағының болуы (гайморит);

· аллергиялық жағдай.


Симптомдары

· жұтудың қиындауы

· көмейдегі ауырсыну – 48 сағаттан артық созылады, және айтарлықтай жайсыздық пен мазасыздану туындатады

· иек пен алқым аумағында тітіркеніс

· құлақта ауырсыну

· бас ауыруы

· қызба, қалтырау


Диагностика

Дәрігер тонзиллитті анықтау үшін шағымдарды, аурудың тарихын, қарау мен бактериологиялық зерттеудің зертханалық көрсеткіштерін (қоздырғышын зерттеу) талдайды. Ангинаның (баспаның) түрі мен сатысын оториноларинголог (ЛОР-дәрігер) анықтайды.

Қараған кезде бадамшабездердің қызарғандығы, біршама ұлғаюы көрінеді. Және сол маңдағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы да байқалуы мүмкін. Қызарып, ұлғайған бадамшабездерде сары-ақшыл өңез болады, кейде бірыңғай тұтас өңез байқалады. Кейде (сирек) бадамшабездің бөлігінің іріңді өзгерісі болуы мүмкін.

Балаларда көмейдің артқы жағында шағын қызыл көпіршіктер байқалуы ықтимал.


Емдеу
Ұлғайған бадамшабездер ауырсыну немесе басқа мәселе әкелмесе, арнайы емдеуді қажет етпейді.

Егер тексеруде стрептококк секілді бактерия анықталса, дәрігер антибиотик тағайындайды. Антибиотик қабылдамаған жағдайда стрептококкты ангина (баспа) қайталануы мүмкін.

Келесі кеңестер ангинада (баспада) жақсы сезінуге көмектеседі:

  • салқын сұйықтық ішу немесе жемісті балмұздақ сору қажет
  • жылы сұйықтық (ыстық емес) ішуге де болады
  • көмейді жылы тұзды ерітіндімен шаю қажет
  • көмейдің ауырсынуын басатын арнайы пастила (соратын таблеткалар) соруға болады (кішкентай балалар қақалып қалмау үшін абайлап беру қажет)
  • ауырсынуды және қызуды басу үшін (температураны) қабынуға қарсы құралдарды қабылдау қажет, олардың негізінде – ацетоминофен немесе ибупрофен болады. Балаларға аспирин беру ұсынылмайды, Рэйе синдромы дамуының қаупі салдарынан.

Ұдайы ангина (баспа) қайталанатын адамдарға тонзилэктомия – бадамшабезді алып тастайтын ЛОР операция ұсынылады.


Аурудың болжамы

Әдетте, тонзиллиттің симптомдары емдеу басталғаннан кейін 2 немесе 3 күннен кейін өтеді. Жіті тонзиллитті дұрыс емдемесе немесе мүлде емдемесе, созылмалы түрге өтетіндігін есте ұстау қажет!


Мүмкін асқынулары

сусыздану және сұйықтықты жұтудың қиындауы
бадамшабез ісінгеннен тыныс алу жолдарының бітелуі
бадамшабездің артында көмейдің әр жеріндегі перитонзиллярлық абсцесс (көмей тіндерінде ірің жиналуы)
Постстрептококктық гломерулонефрит (стрептококктан туындаған бүйрек зақымдануы)
Ревматизм немесе жүректегі басқа мәселелер


Қашан дәрігерге көріну қажет

Дәрігерге көрініңіз, егер:

  • Температура болса, әсіресе, 38 ° С және одан жоғары
  • Көмейдің артқы жағында ірің болса
  • Қызыл бөріткен, тері қыртысындағы қызару
  • Жұтудың немесе тыныс алудың күшті қиындауы
  • Мойын аумағындағы лимфа түйіндерінің ісінуі немесе ұлғаюы.


Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры:

http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/001043.htm

Материалды дайындағандар: Альнара Кудайбергенова, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі; Куаныш Орманов, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі.

Редакциялық алқа:

Алмаз Шарман, медицина профессоры

Ләзат Ақтаева, м.ғ.д.

Шыңғыс Жұмағұлов, zdrav.kz порталының контент-менеджері.