Мазмұны

Жалпы ақпарат

Симптомдары

Емдеу


Жалпы ақпарат

Тітіркенген қуық синдромы – кенеттен несеп шығарғысы келу сезімінің пайда болуы және несеп ұстамауымен сипатталатын ауру.


Симптомдары

Тітіркенген қуық синдромы болса, келесі симптомдардың екеуі немесе бірнешеуі болуы мүмкін:

· Күніне сегіз немесе одан көп рет, түнде екі немесе одан көп рет несеп шығару болса

· Кенеттен несеп шығарғысы келетін күшті сезім пайда болса

· Несеп шығарғысы келетін күшті сезімнен кейін несеп ұстамауы пайда болуы мүмкін.

Қуық қызметін бақылай алмау да пайда болуы мүмкін. Бұл жүйке ауруынан, сұйықтықты немесе кофеинді көп мөлшерде тұтынудан болуы мүмкін. Көбінесе, себебі анықталмайды.

Srmzkz

Қуықтың анатомиясы мен қызметі.

Несеп бүйректерде өндіріледі және несепағар арқылы қуыққа түседі, сонда жинақталады. Қуық –бұлшық еттік қуыс ағза, несеп шығару каналы (қуықтан сыртқа қарай өтетін түтік) арқылы сыртқа шығарылғанға дейін несеп жинақталатын орын.

Қуықтың қабырғасында орналасқан бұлшық ет – детрузор жиырылып, организмнен несепті шығарғанда қуық босатылады. Қуық жиырылғанда несеп сфинктері босаңсиды. Босаңсыған сфинктер организмнен несепті шығаруға мүмкіндік беретін, ашылатын есік қызметін орындайды. Несеп дұрыс шығарылуы үшін бұлшық ет – детрузор мен сфинктердің босаңсуы бір уақытта болуы тиіс. Қуықтың бұлшық ет қабырғасындағы жүйке жалғамдары ацетилхолинді – бұлшық ет жасушаларының рецепторларына тән, жиырылуына ықпал ететін заттекті өндіреді. Жүйке жалғамдары бойынша сигналдар миға түседі және қуықты, босату қажеттігін хабарлайды. Бұл вегетативті үрдіс, яғни, өздігінен бақыланбайтын. Жалпы, нервтер, бұлшық ет, ми арасындағы өзара әрекет – аса күрделі үрдіс.


Емдеу

Дәрігер бұлшық ет пен нервтерді тыныштандыратын дәрілік препаратты тағайындайды. Дәрі таблетка, сұйықтық немесе пластырь түрінде болуы мүмкін. Бұл препараттар көздің құрғақтығын, ауыздың құрғақтығын және іш қатуын туындатуы мүмкін. Мұндай қолайсыз әсерді жою үшін ылғалдандыратын көз тамшыларын, шайнайтын қантсыз сағызды, күні бойы аздаған су ішіп жүруді қарастыруға болады.