Мазмұны
Терінің құрғақтығы терідегі судың және майдың мол мөлшері жоғалғанда пайда болады. Терінің құрғақтығы әр жастағы адамдарда кездеседі.
Симптомдары:
- Терінің қабыршақтануы
- Тері қатайып, кедір-бұдырлануы
- Терінің тартылуы, әсіресе, шомылғаннан кейін
- Қышу
- Қанталаған сызаттардың пайда болуы.
Терінің құрғақтығы дененің кез келген бөлігінде пайда болуы мүмкін. Бірақ, көбінесе, алақанда, табанда, қолда және сирақта кездеседі.
Құрғақ тері; терінің қысқы қышуы; Ксероз
Терінің құрғақтығының пайда болу себептері:
- Салқын, құрғақ қысқы ауа
- Ауаны қыздыру және құрғату пештері
- Шөлейт жерлердегі ыстық, құрғақ ауа
- Ауаны салқындататын және ылғалдықты азайтатын кондиционерлер
- Ыстық ванна мен душты ұзақ, жиі қабылдау
- Қолды жиі жуу
- Сабын мен жуу құралдарының кейбір түрлері
- экзема және псориаз секілді аурулар
- кейбір дәрілік препараттар (жергілікті қолданатын немесе ішетін түрлері)
- қартаю, бұл кезде тері жұқарады.
Терінің құрғақтығының симптомдарын терінің ылғалдылығын қалпына келтіру арқылы жеңілдете аласыз.
- Теріні креммен немесе лосьонмен күніне 2-3 рет немесе қажеттілігіне қарай ылғалдандыру қажет.
- Ылғалдандыратын құралдар ылғалды сақтауға көмектеседі, сондықтан, оларды ылғал теріге жағу қажет. Шомылғаннан кейін теріні құрғатып сүртіп, содан кейін ылғалдандыратын кремді жағу қажет.
- Құрамында спирт, хош иістендіргіштер, бояғыштар немесе басқа химиялық заттектер бар сабындарды, теріге күтім жасайтын құралдарды қолданудан алшақ болу қажет.
- ванна немесе душты ыстық емес, жылы сумен қабылдаңыз, 5-10 минут бойы.
- Күніне бір рет қана шомылыңыз.
- Қарапайым сабынның орнына нәзік тазартатын құралдарды немесе ылғалдандыратын бөліктері бар сабынды қолданып көріңіз.
- Сабынды тек бетті, қолтық астын, жыныстық мүшелерді, қол-аяқты тазарту үшін ғана қолданыңыз.
- Скрабты қолданбаңыз.
- Шомылғаннан кейін ғана қырыну қажет, түктер жұмсақ болған кезде.
- Жұмсақ, ыңғайлы киім киіңіз. Жүн матадан киім кимеуге тырысыңыз.
- Киімді жууға арналған бояғыштары немесе хош иістендіргіштері жоқ құралдармен жуыңыз.
- Суды көп ішіңіз.
- Қышуды азайту үшін тітіркенген тұстарға суық компресс басыңыз.
- Терінің қабынуында құрамында кортизон бар кремді немесе лосьонды қолданыңыз.
- Құрамында керамидтер бар ылғалдандыратын кремдерді қолдануға тырысыңыз.
Келесі жағдайларда дәрігерге көріну қажет:
- Ұдайы қышуды сезіну, бөріткендер көрінбегенімен
- Терінің құрғақтығы ұйқыны бұзады
- Қышудан ашық жаралар немесе ойық жаралар пайда болған
- Өздігіңізше терінің құрғақтығын және қышуын баса алмағанда.