Бұл дегеніміз не? Сепсистік артрит (оны тағы да инфекциялық артрит деп атайды) буынның ішіндегі бактериалдық, вирустық немесе зеңдік инфекциядан туындайды.
Сепистік артрит инфекция қан ағымы жолдарымен таралып, буынға түскенде дамуы мүмкін. Сонымен қатар, инфекция буынға қасындағы жұқпаланған жарадан түсуі мүмкін.
Қауіп факторлары: созылмалы аурулардың болуы, иммундық жүйені басатын дәрілерді қабылдау, аутоиммундық аурулардың болуы, жақында буынға жасалған операция (артроскопия), көктамыр ішілік есірткілерді пайдалану.
Ауру әдетте, буынның ісінуімен және күшті ауырсынумен, сондай-ақ, температураның артуымен сипатталады.
Сепсистік артрит балаларда кез келген жаста байқалуы мүмкін, бірақ, көбінесе, 3 жасқа дейінгі балаларда. Сәбилерде көбінесе, жамбас буындары зақымданады. Оларда ауру әдетте, В тобының стрептококтардың, сондай-ақ, Haemophilus influenza салдарынан туындайды.
Ауру 3 жастан жасөспірімдік кезеңге дейін сирек кездеседі. Әрі қарай ауру гонококктардан туындайды.
Ересектерде көбінесе ірі буындар зақымданады: мысалы, жамбас, тізе, иық, шынтақ буындары. Инфекциялық артрит әдетте, бір буынды зақымдайды, бірақ, бірнеше буынды да қамтуы мүмкін. Ересектерде аурудың себептері - стафилококтар, стрептококтар, сондай-ақ, туберкулез микобактериялары және Candida albicans.
Симптомдары. Сәбилердегі симптомдары - зақымданған қол-аяқтың қимылы шектелуі (жалған паралич). Сәби қол-аяғын қозғағанда немесе жаялығын ауыстырғанда жылайды. Температура артуы мүмкін.
Ересектерде симптомдары келесідей сипатталуы мүмкін:
· Жалпы әлсіздік және бас ауыруы.
· Буынның ауырсынуы, қызаруы, ісінуі және тежелуі.
· Буынды аздап қозғағанда немесе қысым түсіргенде күшті ауырсыну.
· Жоғары температура және қалтырау.
· Буынның қасындағы қызыл жолақтар.
· Лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
Емдеу. антибиотиктермен шұғыл емдеу қажет. бактерияға сезімталдыққа байланысты арнайы таңдалған антибиотиктерді қолдану оңтайлы.
Зақымданған буынды хирургиялық тәсілмен шаю инфекцияның таралуының және буынның бұзылуының алдын алуы мүмкін. Аяқ-қолды тыныш күйде ұстау қажет. ауырсынуды жеңілдету үшін жылы компресс басуға болады.