Сары ауру – түрлі аурулардың симптомы: сілемей қабықтың, көздің ағының және терінің сарғаюы, оларда сары пигменттің жинақталуына байланысты.

Патофизиология

· Сары аурудың барлық түрлерінің бір ортақ белгісі бар - гипербилирубинемия, оған терінің түсінің айқындығы тәуелді: ашық-лимонды реңктен қызғылт-сары және жасылдау немесе зәйтүн-сары түске дейін.

· Тері мен көздің ағының сарғаюы билирубиннің мөлшері 26 ммоль/л-ден асқанда басталады.

· Терінің пигментке қанығуына уақыт қажет: жалпы өт түтігін тәжірибелік байлауда гипербилирубинемия 24 сағаттан кейін артады, ал тері 5-8 күннен кейін ғана сарғаяды.

· Билирубин Нb бұзылысты эритроциттердің ыдырауында түзіледі. Алдымен, ақуызды дене - глобин және темір құрамдас гематин пайда болады. Соңғыдан, темірді бөлу және гидроксильді топты қосу арқылы билирубин пайда болады (оның тікелей емес фракциясы).

· Тікелей емес билирубиннің түзілуі ретикулоэндотелиалдық жүйеде өтеді (көк бауыр, сүйек кемігі, т.б.).

· Бауыр жасушалары тікелей емес билирубинді глюкуронды қышқылдармен біріктіреді. Бұл кезде түзілетін билирубиннің тікелей фракциясы кейіннен өтпен бірге бөлініп шығады.

· Сау адамдарда қан сарысуының билирубині негізінен, 20 мкмоль/л аспайтын тікелей емес фракциямен беріледі, ал тікелей билирубин аз мөлшерде болады.

· Егер бауыр сау болса, және өт жолдары өтімді болса, қанда артық жиналатын билирубин (мысалы, эритроциттердің көп ыдырауында) бауыр арқылы ішекке өтумен жойылады.

· Өт жолдарының бітелуінде немесе бауырдың зақымдануында билирубин несеппен шыға бастайды және несепті сыра түсіне бояйды, бұл кезде нәжіс те түссізденеді.

· Себебіне тәуелсіз, сары ауру барлық ағзалардың зақымдануына апарады, әсіресе, бауыр мен бүйректің.