Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

Синонимдары


Жалпы ақпарат

Позициялық, қатерлі емес бас айналуы – бас айналуының жиі кездесетін түрі. Бас айналуы – өзіңнің немесе айналадағы заттардың қозғалуын сезіну. Ол басты белгілі бір жағдайда орналастырғанда пайда болуы мүмкін.


Себептері

Позициялық, қатерлі емес бас айналуын пароксизмалдық позициялық бас айналуы деп те атайды. Ол ішкі құлақтағы мәселелерге байланысты.

A 2

Ішкі құлақта жартылай шеңберлі каналдар аталатын, сұйықтыққа толы түтіктер бар. Қозғалған кезде осы түтіктердің ішіндегі сұйықтық та қозғалады. Жартылай шеңберлі каналдар сұйықтықтың кез келген жылжуына сезімтал. Жылжитын сұйықтық миға дененің орналасуын хабарлайды. Бұл тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.

Отолиттің (минералдық тұздардан, көбінесе, кальцийден тұратын, жартылай шеңберлі каналдарда орналасатын қатты түзіліс) кішкентай бөлігі кертіліп шығып, каналдың ішінде бос жүзеді. Мұны организм дененің орналасуы туралы ақпарат ретінде қате түсінеді, бұл миды қателікке ұшыратады, осыдан пароксизмалдық қатерлі емесе позициялық бас айналуы пайда болады. Оның пайда болуының күрделі қауіп факторлары жоқ. Бірақ, даму қаупі келесі жағдайларда артады:

  • Отбасы мүшелерінің бірінде болса.
  • Бастың жарақаты болса (жеңіл соққы болса да)
  • Лабиринтит аталатын ішкі құлақ инфекциясы болса.



Симптомдары
Аурудың симтомдары:

  • Кеңістіктегі айналуды немесе жылжуды сезіну
  • Айналадағы әлем айналып тұрғандай сезім
  • Тепе-теңдікті жоғалту
  • Жүрек айну және құсу
  • Естімей қалу
  • Көрудегі мәселелер, барлық заттар секіретіндей немесе қозғалатындай


Бас айналуын сезіну:

  • Әдетте, бастың орналасуының өзгерісінен туындайды
  • Көбінесе, кенеттен басталады
  • Бірнеше секундқа немесе минутқа созылады


Кейбір факторлар бас айналуының пайда болуын туындатуы мүмкін:

  • Төсекте дене орналасуының өзгерісі
  • Басты еңкейту



Диагностика

Ауруды анықтау үшін дәрігер Дикс-Холлпайк сынамасын тағайындайды:

  • Дәрігер сіздің басыңызды белгілі бір жағдайда ұстайды. Осыдан кейін тез үстелге жатуды ұсынады.
  • Осыны жасағаннан кейін дәрігер көздің ауытқулы қозғалысын іздейді, және басыңыз айналатындығы туралы сұрайды


Егер бұл тест теріс нәтиже берсе, басқа тестілерден өтуді сұрайды.

Дәрігер тексеріп, қарап, аурудың тарихы туралы сұрақтар қояды. Басқа себептерді ескеру үшін миды және жүйке жүйесін зерттеу қажет. Бұл тексеру әдістері:

  • Электроэнцефалография (ЭЭГ)
  • Электронистагмография (ЭНГ)
  • Мидың компьютерлік томографиясы (КТ)
  • Магниттік-резонанстық томография (МРТ)
  • Естуді тексеру
  • Мидың магниттік-резонанстық ангиографиясы
  • Көздің ауытқулы қозғалысын анықтау үшін ішкі құлақты сумен немесе ауамен жылыту немесе суыту. Бұл калориялық стимуляция аталады.



Емдеу

Дәрігер «Эппли маневрі» аталатын шараны өткізуі мүмкін. Ол ішкі құлақта жүзетін отолиттің кішкентай бөліктерін жылжытуға көмектеседі. Бұл емдеу жақсы әсер көрсетеді.

Кейбір дәрілік препараттар бас айналуы сезімін жеңілдетуге көмектесуі мүмкін:

  • Антигистаминдік препараттар
  • Антихолинергиктер
  • Ұйқы шақыратын және тыныштандыратын


Дегенмен, бұл дәрілер бас айналуын емдеуде нашар көмектеседі.

Симптомдарының ушығуының алдын алу үшін бас айналуын туындататын дене орналасуынан алшақ болыңыз.


Болжамы

Бұл жағымсыз ауру, бірақ, оны «Эппли маневрі» көмегімен емдеуге болады. Бірақ, бас айналуы қайталануы мүмкін.


Мүмкін асқынулары

Күшті бас айналуы болатын адамдарда құсу салдарынан күшті сусыздану орнауы мүмкін.


Қашан дәрігерге көріну қажет

Келесі жағдайларда дәрігерге көрініңіз:

  • Бас айналуы пайда болса
  • Бас айналуды емдеуден әсер болмаса.


Келесі симптомдар болса, шұғыл медициналық көмекке жүгініңіз:

  • әлсіздік
  • сөйлеудің түсініксіздігі
  • көрудегі мәселелер.


Бұлар күрделі аурудың симптомы болуы мүмкін.


Алдын алу

Бас айналуын туындататын дене орналасуынан алшақ болыңыз.


Синонимдары

Позициялық бас айналуы; пароксизмалдық қатерлі емесе позициялық бас айналуы.