Омыртқалардың арасында шағын, дөңгелек жалпақ дискілер болады. Осы дискілердің жарақаттан, қалыпты тозудан, немесе аурудан зақымдануында олар шығыңқы күйге түседі. Бұл жағдай омыртқа аралық дискінің жарығы аталады.
Омыртқа дискілері жас ұлғайған сайын – құрғақ, иілгіш және әлжуаз бола түседі. Жарақат пен ұзақ уақыт бойғы жүктеме дискінің сыртқы жабындысында кішкентай саңылау болуын үдетеді.
Әлсіреген дискіге шамадан тыс қысым түскенде дискінің ортасындағы қоймалжың материалдың бөлігі капсуладағы саңылау арқылы ағып кетуі мүмкін, нәтижесінде, диск нерв түбірін немесе омыртқа каналын қоршайтын кеңістікке шығып кетеді. омыртқа аралық дискінің жарығы нервтің қызметіне кедергі келтіреді, әлсіздікке, ұйып қалуға, немесе аяқтағы ауырсынуға апаруы мүмкін.
Көпшілік жағдайда омыртқа аралық дискі жарығының симптомдарын консервативтік әдіспен емдеуге болады. уақыт өте симптомдары жойылады. Кейбір сирек жағдайда операция қажет болуы ықтимал.